сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ басшысына «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді

«Ембімұнайгаз» АҚ басшысына «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры  Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлына Атырау облыстық мәслихатының шешімімен  «Атырау облысының Құрметті азаматы»  атағы берілді.

Атырау облысы әкімінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №01-01-1 /300 ұсынысы бойынша V шақырылған облыстық мәслихат кезектен тыс XXXIX сессиясында Атырау облысының дамуына және Мұнай-газ саласының өркендеуіне  зор үлес қосқан, «Қазақстан Республикасы  көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін  ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты   «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының бірінші орынбасары- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры Құрманғазы Есқазиевке «Атырау  облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім шығарды.   

Мұнайлы өңірдің «Құрметті азаматы» атағын алғандардың қатарында «Қазақстан Республикасы  көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін  ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары   Орал  Ақшолақов пен   Балтабек Қуандықов та бар. 

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.