«Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының ұжымы мемлекеттік органның қызметкерлерімен, қоғамдық ұйымның өкілдерімен кездесті
«Ембімұнайгаз» АҚ Орталық аппаратының ұжымы мемлекеттік органның қызметкерлерімен, қоғамдық ұйымның өкілдерімен кездесті
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай Компания) Орталық аппаратының ұжымы мемлекеттік органның қызметкерлерімен, қоғамдық ұйымның өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған мәселелерге кеңінен тоқталды.
Кездесудің кіріспе бөлімінде Компаня Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Нұрғалиқызы Тасмағамбетова шараның мақсатына тоқталды. Шара барысында облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Н.Каримов, құқықты түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Н.М.Елубаева, жеке сот орындаушылар Өңірлік палатасының төрағасы Н.И.Оспан, кәсіпкерлер палатасының өкілі А.Н.Иманов, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Ж.Кенжебеков, заңды тұлғаларды тірекеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Н.Т.Күзембаев, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК АОФ-ның директоры Д.И.Ғұмаров, зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы М.А.Мұхсанов, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік инспекторы Д.О.Ахметовалар Жолдау міндеттемелерін түсіндірумен қатар, заң құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты жан-жақты түсініктер берді. Кездесу барасында ембіліктер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, оларға жауапты мамандардың тұщымды жауаптарын алды. Шара соңында Р.Н.Тасмағамбетова заң аясында кеңестер берген мемлекеттік органның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымның өкілдеріне мұнайшылардың алғыстарын жеткізді.
«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.