сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да діни құндылықтарды насихаттауға арналған жиын өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ-да діни құндылықтарды насихаттауға арналған жиын өтті

12.02.16 ж. «Ембімұнайгаз» АҚ Орталық кеңсесінде діни құндылықтарды насихаттуға арналған «Зайырлы мемлекет және дін» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Габдуллиннің төрағалық етуімен болған шараға акционерлік қоғамның департамент  директорлары мен Атырау облыстық дін істері  басқармасының жауапты мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелде  діни сауатсыздықтан елімізде болып жатқан проблемалар төңірегінде кеңінен сөз болды.

- Бүгінде кейбір жастардың  қате ағымдарға бет алуы діни сауатсыздықтан туындайды, - деген «Шапағат» қоғамдық қоры директорының орынбасары Айбек АТАШЕВ проблеманың шешілу жолдарына тоқталды.- Облыс тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатындағы талдау, түсіндіру жұмыстарын  жүргізу –баршаға ортақ міндет. Діни құндылықтарды насихаттау арқылы біз   экстремизмнің алдын алуға қол жеткіземіз.

Елімізде «Діни бірлестіктерді   тіркеуден өткізу туралы» заң құжатына өзгерістер енгізілген. Құжатқа сәйкес елдегі барлық діни ұйымдар қайтадан тіркеуден өтті. Бұл жұртшылық арасындағы қате ағымдармен пәрменді күрес жүргізуге жасалған алғашқы қадам деп түсіндірді жауапты мамандар. Облыстық Дін істері басқармасының жанынан құрылған «Ақпараттық-талдау орталығының» мүшелері алдағы уақытта мұнайлы өңірдегі барлық ұжымдарды аралап, насихат жұмыстарын жандандыруды қолға алып отыр. Алғашқы ақпараттық жұмыстарын «Ембімұнайгаз» АҚ бастаған топ мүшелеріне ембіліктер алғыстарын айтты.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.