сайт статистики

Пресс-релиз 18 ақпан 2016 ж.

Пресс-релиз 18 ақпан 2016 ж.

«Ембімұнайгаз» АҚ еншілес мекемесі саналатын  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ»)   Атырау облысындағы  С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанаты құрылымында, Лиман және Аққұдық блоктарындағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы жариялайды. С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанаты құрылымы «ҚМГ БӨ» келісімді территориясында, Лиман блогы мен Аққұдық мұнай кен алаңы – «Ембімұнайгаз» АҚ келісімді территориясында  орналасқан.

2015 жылы бұрғыланған С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанаты құрылымында, еңістік бағытталған скважинаның триас көкжиегіндегі өнім қабаттарын сынау кезінде 7 мм тежегіште тәулігіне   130 тонна дебитпен (тәулігіне 900 баррельге жуық) бұрқақты сусыз мұнай ағыны алынды. Триас көкжиегіндегі зерттеу жұмыстары аяқталған соң, сынақ жұмыстары юра және бор көкжиектерінде жалғасатын болады. Алдын ала бағалаулар бойынша келешектегі ресустар, алынатын көмірсутегі шикізаты 3,9 млн.тонна мөлшерінде бағаланып отыр. 2016-2017 жылдары Компания жаңа кен шоғырларын шектемелеу мақсатында екі бағалау скважиналарын бұрғылауды, қорларға есеп жүргізуді және сынақ эксплуатациясын жобалауды жоспарлап отыр. Компания  2018  жылы кен орындарға сынақ эксплуатациясын бастауды жоспарлап отыр. 

С.Нұржанов солтүстік-шығыс қанат құрылымындағы жаңа кен шоғыры игеріліп жатқан С.Нұржанов негізгі кен орнынан ажыраған, жүйелі бұзылуы 180 амплитудаға және одан да көп метрге. С.Нұржанов кен орыны «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) негізгі кен орындарының бірі, 1963 жылдан бері пайдаланылуда және ЕМГ мұнай өндірудің 17%-ға жуығын  және  2P санатындағы қорлардың 16%  жуығын қамтамасыз етеді.

Лиман блогында пермотриас кабақасты кен шоғырына сынақ жүргізу кезінде ПР-3 іздестіру скважинасынан тәулігіне 3,3 м3 (тәулігіне 20 баррель) дебитпен сусыз өнеркәсіптік мұнай ағыны алынды.  Компания 2016 жылы төрт  барлау скважинасын бұрғылауды, сондай-ақ қорларға жедел есептеу жүргізуді және  сынақ эксплуатациясын жобалауды жоспарлап отыр. Лиман блогында қабатасты түзілімдерге сынақ эксплуатациясының басталуы 2017-2018 жылдарға жоспарланған.

Игеріліп жатқан Аққұдық кен орнына іргелес жатқан жаңа учаскедегі барлау скважинасына сынақ жүргізу  кезінде тәулігіне 18 м3-ге дейін дебитпен (тәулігіне 110 баррель) сусыз мұнай ағыны алынды және нәтижесінде ортаюра түзілімдерінде жаңа мұнай шоғыры ашылды. Компания 2016-17 жылдары екі бағалау скважинасын бұрғылауды және нақтыланған игеру жобасы мен мұнай қорларының артуы бекітілгеннен кейін кен орнының жаңа учаскесін өнеркәсіптік қолдануға беру жоспарланып отыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.