«ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ мен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»АҚ басшылары Атырау облысының әкімімен кездесті
«ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ мен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру»АҚ басшылары Атырау облысының әкімімен кездесті
Ағымдағы жылдың 11 сәуір күні «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.
Кездесу барысында С.Мыңбаев Н.Ноғаевты жаңа тағайындаумен құттықтап, Атырау облысындағы мұнайгаз саласының ірі жобаларына- «Ембімұнайгаз» АҚ, Теңіз мұнай кеніші, Қашаған жобасы, «АМӨЗ» ЖШС мұнайды тереңдете қайта өңдеу кешені туралы жан-жақты айтып өтті.
С.Мыңбаев сонымен қатар, «Ембімұнайгаз» АҚ-ғы жаңа жобаларға, Прорва кен алаңында 2016 жылдың соңында пайдалануға берілетін жылына 150 млн. текше метр ілеспе газды күкірттен тазартатын қондырғының жұмысына да тоқталды.
Күкірттен тазартылған газ «Орталық Азия-Орталық» газ құбырымен «Боранкөл» газ өңдеу зауыты арқылы «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС тасымалданады. «Ембімұнайгаз» АҚ жоба іске қосылғанда кен алаңдарында ілеспе газды шырақта жағу толықтай тоқтатылады.
Кездесуде Атырау облысының әкімі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына мұнай-газ секторының үлкен үлес қосып отырғанын атап өтті. Жоғарыда аталған мұнайгаз жобаларының да ел экономикасының дамуында сүбелі үлесі барына аймақ басшысы аса жоғары мән берді.
- Біздің мақсатымыз ортақ. Сондықтан да өз тарапымыздан қажетті құжаттардың дер кезінде рәсімделуін жіті бақылауда ұстаймыз-деп айтып өтті Н.Ноғаев.
Кездесу барысында компания басшылары облыс әкімімен бірлесе отырып, өңірдегі өзекті мәселелерге және жаңа жобалардың орындалуына жан-жақты тоқталды.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.