сайт статистики

«Ембімұнайгаз» (ЕМГ) АҚ-да директорлар Кеңесінің құрамы ауыстырылды

«Ембімұнайгаз» (ЕМГ) АҚ-да директорлар Кеңесінің құрамы ауыстырылды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (одан әрі ҚМГ БӨ) директорлар кеңесінің шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ директолар Кеңесінің құрамы өзгертілді.

Сәуір айында ҚМГ БӨ директорлар Кеңесінің сырттай өткен отырысы барысында өкілеттігі 2017ж. 4 қыркүйегіне дейінгі мерзімге жүретін ЕМГ директорлар Кеңесінің жаңа құрамы сайланды.

ҚМГ БӨ директорлар Кеңесінің шешімімен ЕМГ директорлар кеңесі құрамынан шыққандар: Нұрсейтов А.А., Cәулебай М.О., Аширбекова Б.С, Лубянцев П.Г., Назаров К.С. және Алдажаров А.Т. Бұрынғы құрамнан жаңа директорлар Кеңесінде АбдулгафаровД. Е. қалдырылды.

2016 жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша ЕМГ директорлар Кеңесінің құрамы:

Абдулғафаров Дастан Елемесұлы – ҚМГ БӨ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

Илеуов Азиз Токшалықұлы – ҚМГ БӨ Стратегиялық даму және ақпараттық технология бойынша басқарушы директоры;

Нұрғалиев Қуанышбай Жаумитбайұлы – ҚМГ БӨ өндіріс және кен орындарын игеру  жөніндегі басқарушы директор;

Шейн Эндрю Дрейдер – Қаржы директоры – ҚМГ БӨ қаржылық бақылаушы;

Ертлесова Жаннат Джурғалиевна - тәуелсіз директор; 

Куандыков Балтабек Мұханұлы  - тәуелсіз директор.

Анықтама:

Абдулғафаров Дастан Елемесұлы – соңғы тағайындалуына дейін ҚМГ БӨ бизнесті дамыту бойынша басқарушы директор ретінде қызмет етті. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК»  АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да еңбек етті.

Илеуов Азиз Токшалықұлы – 1996 жылдан ҚР экономика министрлігінде, мемлекеттік және жеке компаниаларда лауазымды қызметтерді атқарды. 2002 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ  тобындағы компанияларда лауазымды қызметтер атқарды, атап айтқанда, басқарма басшысы, қаржы және экономика жөніндегі басқарушы директор  қаржылық ағындарын жоспарлау департаментінің директоры, бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары,   «ИнтергазОрталықАзия» ЖАҚ, «МұнайТас» ЖАҚ, «ҚазМұнайГаз»   қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ ұлттық компанияларында бас директордың бірінші орынбасары болып жасады. 2015 жылдан бері ҚМГ БӨ  бизнесті басқару және  корпоративтік басқару бойынша  басқарушы директор қызметін атқаруда. 

Нұрғалиев Қуанышбай Жаумитбайұлы – 1993 жылдан 2009 жылға дейін «Өзенмұнайгаз» ӨФ және «Өзенмұнайгаз» АҚ-да әр түрлі қызметтер атқарып, еңбек жолын мұнайгаз өндіру операторынан бастап, департамент директорына дейін өсті. 2009 жылдан 2015 жылға дейін – Геология және игеру департаментінің кен орындарын игеру бөлімінің бастығы, ҚМГ БӨ игеру департаментінің директоры, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, ҚМГ БӨ өндіріс бойынша басқарушы директоры.

Шейн Эндрю Дрейдер – 2014 жылдың тамызынан ҚМГ БӨ қаржы директоры-қаржылық бақылаушы қызметін атқарады. Ол Компанияда бұл лауазымды 2007-2011 жылдары атқарған болатын. ҚМГ БӨ-ге келгенге дейін Дрейдер «Делойт энд Туш» компаниясында Қазақстандағы ресурстар бойынша серіктес болып жасады. «Үлкен Төрттікте» көп жылғы жұмыс тәжірибесі бар.

Ертлесова Жаннат Джургалиевна – экономика ғылымдарының докторы. ҚР экономика министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрлігінің бірінші вице-министрі, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, болып жасады, Табиғи монополияны реттеу және бәсекелестікті қолдау Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Назарбаев университеті жанындағы Ұлттық талдау орталығы Директорлар Кеңесінің төрайымы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасы төрағасының орынбасары, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының директорлар кеңесінің мүшесі. Қазіргі уақытта Қазақстан салық төлеушілері Ассоциациясының Басқарушы кеңесінің төрайымы, «Телерадиокомпания «ОН ТВ» ЖШС «Жаннат Ертлесовамен ашық әңгіме» телебағдарламасының авторы және жүргізушісі.  

Қуандыков Балтабек Мұханұлы – әль-Фараби атындағы ғылым мен техника саласының Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, геология-минерология ғылымының докторы. ҚР Геология министрінің орынбасары, ҚР энергетика және отын ресурстары министрінің орынбасары, «Қазақстанкаспийшельф» АҚ президенті болып еңбек етті. Қазақстан Республикасындағы тұңғыш теңіз мұнай компаниясын құруға, Каспий теңізінің Қазақстандық секторын игеру бағдарламасын дайындап жүзеге асыруға қатысты. 1997 жылдан «ҚазақОйл» ҰМК ЖАҚ президенті, 1998-2001 жж. Шеврон компаниясының Орталық кеңсесінде ТМД мемлекеттері бойынша бас кеңесші, канадалық Нельсон Рисорсис Лимитед компаниясының президенті болып жасады. Қазіргі уақытта «Меридиан Петролеум» мұнай компаниясының президенті, «Евразия» жобасының бас үйлестірушісі, Мұнайшы-геологтар Қазақстандық Қоғамының президенті.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия - G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова - L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.  Компанияда 5560 адам еңбек етуде.