Атырау қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің оқушылары «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) «Интеллектуалды кен алаңы» Жобасымен танысты
Атырау қаласындағы Қазақ-түрік лицейінің оқушылары «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) «Интеллектуалды кен алаңы» Жобасымен танысты
Атырау қаласындағы дарынды балаларға арналған Қазақ-түрік лицейінің оқушылары Компанияның Орталық кеңсесінде болды. Экскурсияның мақсаты- Компанияға қарасты «Қайнармұнайгаз» МГӨБ Уаз кен алаңында іске қосылып жатқан «Интелелектуалды кен алаңы» жобасының негізгі тетігі- «Өндірістік процесті бақылау орталығымен» жан-жақты танысу. Лицей оқушылары өндіріске енгізіліп жатқан жаңа технологиялар жөнінде тереңірек естіп-білді.
Интеллектуалды кен алаңының тиімділігі сонда, ол өнім өндіру көлемін көбейтіп, шығындарды азайтуға мүмкіндік беретіндігінде. Өндіріске енгізіліп жатқан жаңалық- өнімділігі төмен, мұнай ағыны тұрақсыз және сулану деңгейі жоғары болып келетін Ембі кеніштері үшін тиімді.
- Компания мұнай-газ саласының мамандарын дайындауға үлкен мән береді. Осы орайда студенттер арасында дуалдық оқыту мен стипендия төлеу бағдарламалары іске қосылды. ЕМГ кен алаңдарында іске қосылып жатқан жобаларға қатысты өндірісті білімді жастармен толықтыру өзкті мәселе. Осыған орай Компаниядағы оң өзгерістерді және мұнайшылық мамандықты кеңінен насихаттау мақсатында мектеп оқушыларына арналған экскурсия ұйымдастырылып отыр,-деді өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технология департаментінің директоры Болат Нсанбаев
Өндірістік процесті бақылау орталығында оқушыларға интеллектуалды кен алаңы- Уаз жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сауалдарға тұщымды жауаптарын да алды.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Компанияда 5560 адам еңбек етуде.