«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары (Компания немесе ЕМГ) Қ.О.Есқазиев ЕМГ кубогы үшін ММА бойынша өткен Халықаралық турнирдің жеңімпазы Исатай Теміровті қабылдады
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары (Компания немесе ЕМГ) Қ.О.Есқазиев ЕМГ кубогы үшін ММА бойынша өткен Халықаралық турнирдің жеңімпазы Исатай Теміровті қабылдады.
2016 жылдың 14-мамыр күні өткен Халықаралық турнирде ЕМГ мердігер компаниясының қызметкері, панкратион мен жекпе-жек күрестен спорт шебері , 2013 ж. ММА бойынша Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Исатай Теміров ирандық Фатеми Юунесаны жеңіп, топ жарды.
Кездесу барысында Қ.О.Есқазиев жас спортшыны жеңісімен құттықтап, естелік сыйлықты табыс етті.
Бүгінгі қаржы нарығындағы мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, Компания бұқаралық спортқа демеушілік етуді жалғастырып келеді. Спортшылар жеңістерге жетуде. Үстіміздегі жылдың наурыз айында параолимпиадашы Әнуар Сариев Рио-де-Жанейрода мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен халықаралық додада қола жүлдені иемденген. Бұл сайысқа атыраулық спортшының қатысуы үшін ЕМГ 2 млн. теңге қаражат бөлген еді. Бұл – дзюдо бойынша Қазақстан тарихындағы параолимпиада ойындарына берілген алғашқы лицензия. Міне, Компания демеушілігімен Халықаралық сайыста тағы да жеңіс. Бас жүлдені иемденген Исатай Теміровке үлкен жеңістер және Компанияның дамуы жолындағы еңбегіне толымды табыстар тілеймін,-деді басшы кездесуде.
Кездесуге Компанияның басқа да жетекшілері қатысты.
Баспасөз қызметі.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.