сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымының дамуына қосқан үлесі

Компания мен Атырау облысы әкімдігінің арасындағы «Жер қойнауын пайдалану» екі жақты келісім-шартына орай ЕМГ мұнайлы өңірдің инфрақұрылымын дамытуға белсенді үлес қосып келеді.  2015 жылы ЕМГ Қызылқоға  мен Исатай аудандарында әлеуметтік нысандардың құрылысына 300 млн. теңгеден  астам қаражат аударды. Бұл қаражатқа 5 нысан құрылысы салынды: Исатай ауданы бойынша: Тұщықұдық селосындағы балабақшаға қосымша  50 орынды жапсаржай салынып, Манаш каналы тереңдетіліп,  Ақай каналының дамбысы күшейтілді. Қызылқоға ауданы бойынша: Қоныстану селосында дәрігерлерге арналған 2 тұрғын үй, Миялы селосында 10 тұрғын үй салынды. Мақат ауданы бойынша: Доссор поселкесінде 280 орынды балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттары дайындалды.

 2016 жылы Атырау облысы әкімдігі мен Компания арасында бекітілген Келісім шарт аясында Мақат ауданы Доссор поселкесіндегі    Болашақ, Құрылысшы, Шығыс мөлтекаудандары  инженерлік жүйелерінің құрылысы жалғасуда.

Атырау облыстық әкімдігі мен Компания арасындағы «Жер қойнауын пайдаланушы» келісім шартына орай 2012 ж.- 280 млн. теңгеден астам, 2013 ж.- 270 млн. теңгеден астам, 2014 ж.- 330 млн. теңгеге жуық қаражат бөлінген. 2016 жылы осы мақсатқа 600 млн. теңге көлемінде қаражат аударылмақшы.   

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.