сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЭМГ немесе Компания) дуалдық оқу бағдарламасы бойынша пилоттық жобаның алғашқы түлектері-20 студентке еңбек кітапшасын салтанатты түрде табыс етті

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЭМГ немесе Компания) дуалдық оқу бағдарламасы бойынша пилоттық жобаның алғашқы түлектері-20 студентке еңбек кітапшасын салтанатты түрде табыс етті

Шаралар 14-шілде күні ЕМГ орталық кеңсесі мен 15 – шілде күні «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық мектептің ғимаратында өтті.

Компания  2015 жылдың қыркүйегінде «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық оқу орны мен Атырау мұнай-газ институтының 3-4 курс студенттері үшін дуалдық оқу бағдарламасына арналған пилоттық жобаны іске қосқан болатын.

- Дуалдық оқу бағдарламасының тиімділігі- теориялық білімдері мен тәжірибені ұштастыра білетін мамандарды дайындауға қол жеткіземіз. Өндірісте практикадан өтіп, тәжірибе жинақтаған студенттердің болашақта жұмысқа орналасуына да мүмкіншіліктері мол. Еліміздің мұнай-газ саласының кәсіби мамандарын дайындау мақсатында компания өткен жылы дуалдық оқу бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны іске қосты,-деп атап өтті бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН.

Пилоттық жобаны жүзеге асыру  кезінде- 5 айдан 10 айға дейінгі мерзімде, студенттер бекітілген кестеге сай білім алды. 14 күн білім ордасында теориялық білім алса, келесі 14 күн бойы компанияға қарасты «Жайықмұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының өндіріс алаңдарында ауысымдық әдіспен еңбек етті. Студенттер өндіріс алаңдарында өткен еңбек вахтасы үшін ай сайын салық шығындарының төлемдерін қоса 66 мың теңге көлемінде төлем алып отырды. Біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша студенттерге «ұңғымаларды зерттеу операторы» квалификациясы беріліп, еңбек кітапшасына жазылды. Оқу бағдарламасының барлық  ұйымдастыру жұмыстары мен студенттерге берілетін төлемдерді  ЕМГ өз бюджетінен шығаруға шешім алған.

ЕМГ еліміздегі жоғары және  орта білім ордаларымен   қазақстандық мамандарды 3 бағытта дайындауда әріптестік байланыс орнатқан:

1. Дуалдық оқу бағдарламасы;
2. Стипендия төлеу бағдарламсы;
3. Студенттердің өндірістік практикасы.

Стипендия төлеу бағдарламасы бойынша компания «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық білім ордасының 5 студентіне (әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасының балалары) қолдау көрсетуде: оқу бағдарламасының процесінде шамамен 6 млн. теңге көлемінде қаражат, сонымен қатар, ҚР заңнамаларына сәйкес ең төменгі бір мезеттік жалақы деңгейінде стипендия төлейді.  Оқу мерзімі- 2 жыл 10 ай. Компания сонымен қатар стипендия иелерінің  оқу кестесіне сай  өндірістік пркатикадан өтуін және мамандығы бойынша бос жұмыс орны болған жағдайда, оқу процесі аяқталған соң жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді.      

Үшінші бағыт бойынша 2014 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін ЕМГ базасында қазақстандық жоғары және орта білім орындарының 702 студенті өндірістік практикадан өтті, олардың ішінде 392 студент - «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық мектептен.  

 Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.