сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) үздік мамандарды анықтады

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) үздік мамандарды анықтады

«Ембімұнайгаз» АҚ  (ЕМГ немесе Компания) бойынша дәстүрлі сайыс - «Үздік маман-2016» кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Дәстүрлі сайыстың бірінші кезеңінде үздік мамандар әр мекеменің өз ішінде анықталса (ӨҚМ), екінші кезеңінде «үздіктер» өндірістік-құрылымдық мекемелер арасында іріктелінді.    Сайыстың бұл кезеңі компанияның  «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасында арнайы жабдықталған оқу-жаттығу полигонында өтіп, оған «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармалары мен «Ембімұнайэнерго» және «Өндірістік Техникалық Қамту және Жабдықтармен Комплектациялау» басқармасынан барлығы 82 қызметкер қатысты.

Салтанатты шараның ашылу рәсімінде «Ембімұнайгаз» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Габдуллин барлық сайыскерлерге сәттілік тіледі.

- Дәстүрге айналған бұл сайыста тек үздіктер ғана іріктелінбейді, сонымен қатар мұнайшылар бір-бірінен тәжірибе алмасады.

Екі күнге созылған шарада үздік мамандар 13 номинация бойынша анықталынды. Олар: «Мұнай және газ өндіру операторы»- Ерболат ЖҰМАҒАЛИЕВ,  «Ұңғымаларды жерасты жөндеу операторлары»- Еркебұлан ҚАРАБАЕВ, Мақсот СӘУЕНОВ және Жұмагелді УАХИТОВ,   «Ұңғымаларды зерттеу операторы» - Жұмабай АМАНОВ, «Мұнай дайындау операторы (тауарлы)»- Арслан ЖИЕНАЛИЕВ,   «Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы» - Мұрат ҚОСЫБАЕВ, «Жер қабаты қысымын сақтау операторы»- Әлібек ҒАБДУЛҒАЗИЕВ, «Мұнайға химиялық талдау жасау лаборанты» - Ляззат ИДІРКЕНОВА, «Электргазбен дәнекерлеуші»  - Әнуарбек БІТІМӘЛИЕВ, «Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу слесарі»- Ерлан СЕРІКБАЕВ, «Темір жонушы»- Аманбай Құсайынов, «ЦА-320»  машинисі- Айболат РАХМАНОВ, «Жүк таситын көлік  жүргізушісі»-Виталий ДОЛГОШЕЕВ, «Электромонтер»- Нұржан МҰХАМБЕТОВ, Талғат ҚАБДОЛОВ, Владимир КИМ.  

1-орынды, 2-орынды, 3-орынды  иеленген үздік мамандар арнайы дипломмен,   ақшалай сыйлықпен және   сертификатпен, имидждік сыйлықпен марапатталды. 

Сайыс корытындысы бойынша командалык жүлделі орындар да белгіленді. 1-орынды «Қайнармұнайгаз»,  2-орынды «Жайықмұнайгаз»,  3-орынды «Жылыоймұнайгаз» мұнай және газ өндіру басқармаларының командалары жеңіп алды.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.