«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) 2016-2017 оқу жылдарында дуалдық оқу бағдарламасын жалғастырады
«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) 2016-2017 оқу жылдарында дуалдық оқу бағдарламасын жалғастырады
Компания 2015 жылдың қыркүйегі айында «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық білім ордасының және Атырау мұнай-газ (АМГИ) институтының 3-4 курс студенттері үшін дуалдық оқу бағдарламасы бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын. Оқу курсын аяқтаған және біліктілік емтиханының қорытындысы бойынша студенттерге «ұңғымаларды зерттеу операторы» квалификациясы беріліп, еңбек кітапшасына жазылды. 2016 жылдың шілде айының 14-15 жұлдыздарында оқу орындарының 20 түлегіне - «АРЕС Petrotechnic» жоғары техникалық білім ордасының 5 студентіне, АМГИ-дің 15 студентіне еңбек кітапшасы салтанатты түрде табыс етілді.
- Отандық мұнай өнеркәсібін білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған дуалдық оқу бағдарламасының жастарға берері мол деп есептейміз. Жастар білім ордаларынан алған теориялық білімдерін өндірісте тәжірибемен ұштастыра отырып, болашақта жұмысқа орналасуға мол мүмкіншіліктерге ие болады, -деп атап өтті салтанатты шарада бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ГАБДУЛЛИН.
Пилоттық жоба жүзеге асқан кезеңдерде -5 айдан 10 айға дейінгі аралықта студенттер бекітілген кестеге сай 14 күн теориялық білім алса, келесі 14 күнде компанияға қарасты «Жайықмұнайгаз», «Жылыйомұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармаларының өндіріс алаңдарында практикадан өтті. Студенттер өндіріс алаңдарында өткен еңбек вахтасы үшін ай сайын салық шығындарының төлемдерін қоса 66 мың теңге көлемінде төлем алып отырды. Барлық ұйымдастыру жұмыстарының шығындары мен студенттерге берілген төлемақыларды ЕМГ өз қаражатынан шығарды.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.