Басқармалардағы есеп беру жиналысы
Басқармалардағы есеп беру жиналысы
2016 жылдың 23- тамызында «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) басшылығы Компанияға қарасты 6 басқарманың ұжымымен кездесті. Басшылықтың қатысуымен болған кездесулер «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен «Ембіммұнайэнерго» және «ӨТҚжЖК» екі құрылымдық басқарма ұжымдарында болды.
Кездесу барысында Компанияның инвестициялық жобалары, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдық қорытындысы, өндірістік қауіпсіздік ережелері мен еңбек тәртібінің сақталуы және басқа да өзекті мәселелер қаралды.
Басқарма ұжымдарымен болған кездесуде ЕМГ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков аталған мерзім ішіндегі шараларға жан-жақты тоқталып өтті.
01.01.2016 – 01.06.2016 жж. аралығында Компания 1,4 млн. тонна мұнай мен 95 млн. текше метрге жуық ілеспе газ өндірді. Мұнай тапсыру, қойнауқат қысымын сақтау үшін жер қабатына су айдау және жаңа ұңғымаларды тапсыру, ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізу шараларының орындалу барысы тыңдалды.
Жиын барысында жұмысшылар компанияның экономикалық көрсеткіштері туралы толық мәлімет ала алды.
Компанияның бүгінгі таңдағы басты инвестициялық жобасы- Прорва кен алаңындағы ілеспе газды тазалау және кадеге жарату қондырғысының құрылысы, құрылыс жұмысын 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталу жоспарланған.
Энергия көзін тиімді пайдалану мақсатында компания жаңа технологияларды өндіріске енгізуді батыл қолға алып отыр. Солардың қатарында: кеніштерді интелектуальді басқару, қырғыш – центраторлы және штанга айналдырғыштары бар қуыс штангалар бар.
Еңбек тәртібіне келсек, 2016 жылдың алғашқы жарты жылдығында 47 маманға (орталық аппарат пен өндірістік құрылымдық бөлімшелердің) тәртіптік шара қолданған. Сонымен қатар, табысты еңбектерімен көзге түскен 110 маманға «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ мен ЕМГ АҚ Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары табыс етілген.
2016 жылдың осы кезеңіндегі өндіріс қауіпсіздік ережелерінің сақталуына қатысты, үстіміздегі жылдың ақпан айында «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Гран кен алаңында 1 оқиға тіркелінді. Құбыр жүйесін ауыстыру кезінде құбыр құлап кетіп, салдарынан №3 мұнай-газ өндіру цехының дәнекерлеушісі аяғынан жарақат алды.
Тексер барысында жұмысшының қауіпсіздік ережесін сақтамағаны анықталды. Тексеру жұмысының қорытындысы бойынша өндіріс алаңында жұмысшыларға кезектен тыс оқыту-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Компанияда мамандардың кәсіби шеберлігін көтеру, қайта даярлау жұмыстары тұрақты қолға алынған. 2016 жылдың осы кезеңінде орталық аппараттың 31 қызметкері , басқармалардан 144 маман, 4 мыңға жуық жұмысшы, солардың 3 441-і еңбек тәртібі мен өндіріс қауыпсіздігін сақтау бойынша әр түрлі тренингтерден, арнайы курстардан өтті.
Компания бүгінгі таңдағы қаржы дағдарысына қарамастан жергілікті тұрғындар мен компания қызметкерлерінің алдындағы Әлеуметтік бағдарламасын толығымен орындап келеді.2016 жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысы бойынша әр түрлі әлеуметтік шаралардың ұйымдастырылуына қаржылай қолдау жасап, соның ішінде жеке тұлғалар мен қоғамдық ұйымдарға демеушілік көрсетіп келген.
Компания ішілік жүзеге асқан корпоративтік шараларға тоқталсақ, 2016 жылдың маусым айында өткен «Үздік маман-2016» дәстүрлі шарасына 318 маман қатысып, 13 номинация бойынша сынға түсті. 1-кезеңнің жеңімпаздары осы жылдың шілде айында өткен сайыстың кезекті кезеңіне қатысты.
Есеп беру жиынында жұмысышылар Компанияның жаңа жобаларына қатысты өзгерістерге аса қызығушылық танытты. Өндіріс алаңдарында салынып жатқан жаңа әлеуметтік нысандарда жұмыс істейтін мамандардың алдағы уақытта өзге мекемелерге беріле ме деген сауалдарға, Жаңа Ұжымдық шарттың дайындалып жатқан жобасынна қатысты, арнаулы киімдердің сапасы мен олардың дер кезінде жұмысшыларға жетуі т.б. жұмысшыларды алаңдатқан өзге де сұрақтарға басшылық тарапынан толық жауаптар берілді.