сайт статистики

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Жылыой ауданының аумағындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-на (ЕМГ немесе Компания) қарасты Прорва кен алаңындағы Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының құрлысымен танысты.

Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Жылыой ауданының аумағындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-на (ЕМГ немесе Компания) қарасты Прорва кен алаңындағы Ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының құрлысымен танысты.

Құрылыс алаңында облыс басшысын  «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев бастап жүрді.

- Отандық жер қойнауын пайдаланушылар үшін экологиялық талаптарды сақтау-басты міндет. Ағымдағы жылдың соңында  ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысы аяқталады. Қыс маусымының басталуына орай іске қосу-жөндеу жұмыстары кейінге, 2017 жылдың көктеміне  дейін қалдырылады. Нысан іске қосылған соң ЕМГ газды ауаға жағуды мүлдем тоқтатады, -деді Қ.Есқазиев.

Құрылыс нысанымен танысқан соң Н.Ноғаев және Қ.Есқазиев Жылыой ауданының аумағындағы өзі құйылатын  ұңғымаларды әуеден бақылады.  Каспий теңізі жағалауының суға кету аумағында  7 мұнай кен алаңы бар, оның төртеуі – Батыс Прорва, С.Нұржанов, Тәжіғали, Батыс Терең-Өзек кеніштері ЕМГ-ге қатысты.  ЕМГ кен алаңдарында өзі құйылатын ұңғымалар жоқ.

Прорва кен алаңындағы ілеспе газды кешенді дайындау қондырғысы- ЕМГ ең ірі жобаларының бірі. Ол жылына 150 млн текше метр газды өңдейді. Зауыт жыл сайын туарлы газды, тұрақты газ конденсатын және түйіршікті күкірт өндіреді деп күтілуде. Тауарлы газды   

УКПГ-ГСП «Толкын» кеніштік газ құбырымен тасымалдау жоспарлануда, тұрақты газ конденсаты жеке қажеттіліктерге пайдаланылады, ал түйіршікті күкірт  - ішкі және сыртқа нарыққа сату үшін шығарылады. Түйіршікті күкірт өндіру үшін, Қазақстанда тұңғыш рет қышқыл газдарды күкірттен тазартуға арналған MERICHEM фирмасының патенттелген LO-CAT  технологиясы қолданылатын болады.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),

Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама: «ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».

Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.