«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) қызметкерлерінің қаражатына нөсер жауыннан зардап шеккен Атырау қаласының тұрғынына баспана салынды.
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) қызметкерлерінің қаражатына нөсер жауыннан зардап шеккен Атырау қаласының тұрғынына баспана салынды.
Үстіміздегі жылдың мамыр айындағы қатты нөсерден Атырау қаласының тұрғыны Гүлбағыт Қызылташтың баспанасы жарамсыз болып қалған. Отбасындағы 4 баланың екеуі ауырады: кіші ұлында симтомдық эпилепсия, психикалық дамуы тежелген, кіші қызының диагнозы- қуықтың дивертикулы, туа біткен жүрек кеселі.
Баспанасы суға кеткен кезде отбасының жағдайы өте ауыр болды: отағасы жол апатына ұшырап, бірнеше ай қатарынан жұмысқа жарамсыз болып, төсекке танылып ем алды. Г.Қызылташ төртінші баланың дүниеге келуімен декреттік демалыста болды. Тұрғын үйдің су астында қалуына байланысты, қауіпсіздік ережесіне сай баспана көгілдір отыннан ажыратылды. Үстіміздегі жылдың мамыр айында облыс әкімінің тұрғындармен болған кездесуге қатысқан Г.Қызылташ отбасының жағдайын айтып, көмек сұраған.
- «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның құрамына кіретін компаниялар жергілікті атқару органдарымен тығыз байланыста. Өңірлердің әлеуметтік дамуына үлес қосу мақсатында екі жақты әріптестік байланыс орнатқан. Осы жолы Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың ұсынысын қабылдап, қатты нөсер жауыннан баспаналары зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетуді қолға алдық. Ембілік мұнайшылар қиын жағдайда қалған көп балалы отбасыға қол ұшын созып, бір күндік жалақылары есебінен баспана мәселесін шешуде демеушілік көмек көрсетті. Бүгінгі экономикалық қиындықтарға қарамастан, мұнайшылар көмекке зәру жандарды үнемі қолдауда,-деді «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев.
Жаңа баспананың құрылыс жұмыстарына үш ай уақыт кетті. 2016 жылдың қазан айында баспана құрылысы толықтай аяқталды. Тұрғын үй құрылысы кезінде тұруға жарамсыз деп танылған ескі ғимарат бұзылып, жаңа баспана заман талабына сай материалдармен салынды, жылу қазаны орнатылды. Құрылыс жұмыстарына «МонолитИнвестКомпания» ЖШС тартылып, мердігер мекеме тапсырыс берушінің талабына сай сапалы жұмыстар атқарды.
Бұдан өзге, компания ұжымы нөсер жауыннан зардап шеккен «Жайықмұнайгаз» МГӨ басқармасының үш қызметкеріне де көмек көрсетті.
2015 жылда ЕМГ ұжымы бір күндік жалақылары есебінен баспаналары жауыннан жарамсыз болған Атырау қаласының тұрғындарына да қайырымдылық көрсеткен болатын. Жиналған қаражатқа 4 баспанаға күрделі жөндеу жүргізіліп, жалғыз ілікті зейнеткер мен отбасында мүмкіншіліктері шектеулі балалары бар жанұяларға жаңадан баспана салынып берілген еді.
Баспасөз қызметі.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама: «ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».
Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.