«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) 2017-2021 жж. арналған жаңа Ұжымдық шартты бекітті
«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) 2017-2021 жж. арналған жаңа Ұжымдық шартты бекітті
Бүгін, 25 қараша күні «Ембімұнайгаз» АҚ 2017-2021 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартты (ҰШ) бекітті. Салтанатты шараға Компания басшылығы, кәсіподақ комитетінің жетекшілері мен ұйымның мүшелері, басқарма басшылары қатысты.
- Бүгін мұнайшылар үшін маңызды құжат - Ұжымдық шарт бекітілді. Құжаттың сапалы дайындалуына барлықтарыңыз үлес қостыңыздар, үлкен алғыс айтамын,- деп бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ шараға қатысушыларды құттықтап өтті.
- Жаңа ұжымдық шарттың жобасын дайындауға барлық ұжым мүшелері қатысты. Жарты жылдан астам уақыт өндірісті аралап, әрбір мұнайшының пікірін білуге тырыстық. Жұмысшылардың ұсыныстарын ортаға жинақтап, жұмыс берушімен келісе отырып, ортақ түйін жасадық. Мұнай бағасының құбылмалылығына қарамастан, компанияның жақсы табыспен еңбек ететініне болжам жасап, әлеуметтік көмектерді бұрынғы деңгейде сақтадық, -деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Кәсіподақ ұйымының жетекшісі Кенжеғали Шанқанов.
Жаңа Ұжымдық шарт 2014-2016 жж. арналған Ұжымдық шарт өз міндеттерін толықтай орындап болған соң, 2017 жылдың 1-қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.
- Жаңа құжаттың бұрынғыға қарағанда өзгешелігі, ҰШ енді 5 жылға бекітілді. Бұрынғы құжат 3 жылға бекітілген болатын. Демек, құжатта көрсетілген барлық әлеуметтік көмектерді мұнайшылар алдағы 5 жыл ішінде көре алады. Бұл орайда жұмыс беруші әлемдегі экономикалық дағдарыстарға қарамастан өзіне үлкен жауапкершілік алып отыр. Ембілік мұнайшыларға көрсетілетін әлеуметтік пакет толығымен сақталған,- деп түсіндіріп өтті бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА.
Жаңа Ұжымдық шартты талқылау-түсіндіру жұмыстарына 6 ай уақыт кетті. Құжатты дайындауға Компанияға қарасты барлық басқарманың ұжымы толықтай қатысты.
Компанияның баспасөз қызметі.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.