сайт статистики

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) басшысын және екі жұмысшысын мемлекеттік марапатпен құттықтады

ҚР Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) басшысын және екі жұмысшысын мемлекеттік марапатпен құттықтады

Кеше, 8 желтоқсан күні Елбасы Атыраудағы іссапары кезінде «Қашаған» ірі теңіз кен алаңының реми ашылуына қатысты. Салтанатты шара кезінде Президент ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығының аясында ЕМГ-нің үш қызметкерін мемлекеттік марапатпен құттықтады. Мемлекеттік марапатқа ие болғандар: «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ; «Доссормұнайгаз» МГӨБ мұнай-газ өндіру операторы Жақсыгерей ҚҰБАШЕВ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ қойнау қат қысымын сақтау цехының шебері Қарлыға АЛТЫНАЛИЕВА.

Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлы- «Құрмет» орденімен марапатталды. Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі -30 жыл. Еңбек жолы Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының оператор-коллекторлығынан басталып, кейін «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторлығына жалғасты. 1991 жылдан бастап геолог, бас геолог, «Ембімұнайгаз» ААҚ департамент басшысы, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ директордың орынбасары, кейіннен геология және игеру департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ мұнай және газ игеру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резеруарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, геология және келешек жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтарынан бастап «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), ЕМГ бас директорының бірінші орынбасары, ЕМГ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қ.Есқазиевтің кен алаңдарына жаңа технологияны енгізу арқылы тиімділігін арттыруда мол тәжірибесі бар. Оның басшылығымен 2015 жылы Компанияда екі жаңа жоба іске қосылды: Уаз кенішіндегі «Интеллектуалды кен алаңы», Дуалдық оқу бағдарламасы.

Геология -минералдық ғылымдарының кандидаты (2006), «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін ғылым мен техника саласындағы Әл-Фараби атындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2015), Геология және Жер қойнауын пайдалану Комитетінің Құрмет грамотасымен, Мақат, Қосшағыл, Құмкөл, Доссор кен алаңдарын ашуға қатысқаны үшін төс белгімен, «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» атағымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталған. Атырау облысының «Құрметті азаматы».

Жақсыгерей Құбашев – 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі - 40 жыл. 1973 жылы «Доссормұнайгаз» МГӨБ Қарсақ кен алаңында мұнай өндіруші операторлығынан басталған еңбек жолында табысты еңбегімен ерекшеленді. Қарсақ мұнай –газ өндіру цехының 5-разрядты операторы. «Доссор кен алаңының 100 жылдығына» орай «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісімен (2011), «Прорва кен алаңының 50 жылдығына» орай төс белгімен (2013), ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төс белгісімен марапатталды (2015).

Алтыналиева Қарлыға - 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапатталды. Мұнай-газ саласындағы еңбек өтілі - 34 жыл. 1977 жылы «Доссормұнайгаз» МГӨБ инженерлік-технологиялық қызметте басталған еңбек жолында ұңғымаларды зерттеу бойынша аудандық инженерлік-технологиялық қызметтің операторы , ұңғымаларды зерттеу операторы, қойнауқат қысымын сақтау операторы лауазымдарын атқарды. ҚР Мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін 1999 жылы «Қазақстан мұнайының 100 жылдығы» төс белгісімен, 2001 жылы «Доссор кен алаңының 90 жылдығы» «Қазақойл» ҰК» Естелік белгісімен, «Доссор кен алаңының 100 жылдығына» ҚР Кәсіподақ Федерациясының Құрмет грамотасымен, 2013 жылы «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен марапатталған.

Еңбек жолын «Доссормұнайгаз» МГӨБ-те аудандық инженерлік-технологиялық қызметте бастады. 1980 жылдан бастап болып еңбек етті.

Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.