сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ-да Тәуелсіздіктің 25 – жылдығына орай мерекелік шаралар өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ-да Тәуелсіздіктің 25 – жылдығына орай мерекелік шаралар өтті.

Үстіміздегі жылдың 13-14 желтоқсан күндерінде «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания)  Тәуелсіздіктің 25 –жылдығына орайластырылған   салтанатты  шаралар ұйымдастырылды.

13-желтоқсан күні Компанияның бас кеңсесінде «25 жылдағы - 25 қадам» атты дөңгелек үстел шарасы өтті. Оған ЕМГ ардагер-мұнайшылары, «Жас мамандар» кеңесінің мүшелері, Компания басшылығы қатысты. Дөңгелек үстел  - кездесу барысында ардагер-мұнайшылар егемендік алған кезге дейінгі өндірістің, әлеуметтік саланың  қиындықтарына тоқталса, жас мамандар Компанияның бүгінгі жаңалығын, жүзеге асып жатқан игі шараларын баяндады.

Кездесуде Компания басшылығы атынан сөз алған бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар ЖАҚСЫБЕКОВ өнім өндіру барысындағы тың жаңалықтарға жан-жақты   тоқталды.

Өнім қорын молайту мақсатында Компания геологиялық-барлау жұмыстарына баса мән беруде.  Бұл орайда С.Нұржанов, Аққұдық, Оңтүстік Шығыс-Новобогат кен алаңдарында ұзақ мерзімді игеру жұмыстары жүріп жатыр. Болашақта тұз асты қабаттарына барлау  жүргізу күн тәртібіндегі маңызды шараның бірі , - деп атап өтті А.Жақсыбеков

Кездесуде ЕМГ кешегі мен бүгінгі тыныс-тіршілігінен слайдтар көрсетіліп, шараға қатысушылар Компания ішілік экономикалық-әлеуметтік саладағы жұмыстарға қатысты өз ойларын ортаға салды.  

14 – желтоқсан күні  Тәуелсіздіктің 25 –жылдығына  арналған мерекелік шара «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша өткен салтанатты жиынға ұласты.  Салтанатты шарада  табысты еңбектерімен ерекшеленген жекелеген мамандар ҚР Энергетика Министрлігінің, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ  Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды.  

Компанияға қарасты барлық басқарма ұжымдарында Тәуелсіздіктің 25 –жылдығына орай салтанатты шаралар ұйымдастырылып, үздік мамандар ұлығыланып, концерттік шаралар өтті.  

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.