сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) мерзімінен бұрын зейнеткерлік демалысқа шығу Бағдарламасын (Бағдарлама) жүзеге асыруда

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) мерзімінен бұрын зейнеткерлік демалысқа шығу Бағдарламасын (Бағдарлама) жүзеге асыруда

20 желтоқсан күні Компанияның орталық кеңсесінде мерзімінен бұрын зейнеткерлік демалысқа шығу Бағдарламасына  сай, 4 маманды    зейнеткерлік демалысқа  шығарып салу шарасы өтті. 4 маманның үшеуі – жұмысшылар  қатарынан, олар «Доссормұнайгаз» МГӨБ слесарь-жөндеуші, автобус көлігінің жүргізушісі, арнаулы көлік жүргізушісі. 

Зейнеткерлік демалысқа 2019 жылы шығатынына қарамастан, Бағдарламаның іске қосылғанының арқасында, жұмыскерлер зейнеткерлік демалысқа қазірдің өзінде шығуға мүмкіндік алып отыр. ЕМГ  бен өмірді сақтандыру жөніндегі «Халык-Life» «Қазақстан Халық Банкі еншілес компаниясы» АҚ – компания- операторы бірлесіп дайындаған, Бағдарлама шарттарына сай, алдағы үш жылда зейнеткерлікке шығудың ресми күні басталғанға дейін барлық жұмыскерлер ай сайын жалақысының 60% мөлшерінде төлемдерге қоса, еңбек сіңірген жылдары үшін үстема ақы алып тұратын болады.

- Бағдарлама бойынша еңбек өтілінің көпшілігін ауыр жұмыста өткізген, денсаулығында кінәрат бар мамандар мерзімінен бұрын зейнеткерлік демалысқа шығуға мүмкіндік алып отыр. Бұл орайда, Компания оларға қаржылық көмектер ұсынады. Осы Бағдарламаны негізге ала отырып, Компания бірнеше мәселелерді шешуге жол ашып отыр: жұмысшылар өмірін жақсартумен қатар, кадрлық құрамды жаңартуға жол ашылуда,-деп атап өтті салтанатты шарада бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жаксыбеков.

Бағдарлама 2014 жылдан бастап іске қосылды. Бүгінгі күнге дейін Компанияға қарасты басқармалардан 116 жұмысшысы мерзімінен бұрын зейнеткерлік демалысқа шықты. 

- Мен осыдан тура бір жыл бұрын жасымның толмағанына қарамастан, зейнеткерлік демалықса шықтым. Ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасында еңбек еттім. Бұл - мұнай-газ саласындағы ең ауыр жұмыстың бірі болып саналады. 2009 жылы «Үздік маман» сайысының қорытындысы бойынша мамандығымның үздігі болдым. Алайда, үнемі ауыр, ауысымдық  жұмыспен айналысқаным денсаулығыма да әсер етпей қоймады. Компания басшылығына үлкен алғыс айтқым келеді. Бағдарламаны дер кезінде күшіне енген деп есептеймін. Қазір зейнеткермін, денсаулығымды жөндеуге уақытым да бар, тұрақты ай сайын жәрдемақы да алып отырамын, -дейді зейнеткер, «Доссормұнайгаз» МГӨБ Ботахан кен алаңының ұңғымаларды жерасты жөндеу бригадасының бұрынғы 6-разрятды машинисі Изхаир Шағыров.

Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.