сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (Компания немесе ЕМГ) басшылығы Компания қайырымдылық және демеушілік Бағдарламасының иегерлерін-балаларды құттықтады

«Ембімұнайгаз» АҚ (Компания немесе ЕМГ) басшылығы Компания қайырымдылық және демеушілік Бағдарламасының иегерлерін-балаларды құттықтады

23 желтоқсан күні бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков бастаған ЕМГ бір топ қызметкерлері Жұмағалиевтер отбасы мен «Атырау. Шағын ел» қоғамдық бірлестігінде болып, балаларды мерекемен құттықтады. Оларға жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.

- Компания соңғы жылдарда тұрақты түрде әлеуметтік көмектерге зәрі жандарды демеушілік қамқорлыққа алған. Ең алдымен мүмкіншіліктері шектеулі балаларға- ота жасауды қажет ететін балаларға қайырымдылық көрсетудеміз. Жұмағалиевтер отбасын біз осымен екі рет демеушілікке алып, кіші қызына жасалған отаның қаражатына және нөсер жауыннан жарамсыз болған баспаналарын жөндеуге көмектер көрсетілді.

Мұнайшылар өсіп келе жатқан жас буынға үнемі қолдау көрсетуде. 2017 жылдың басынан бастап «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорына орталықтандырылған демеушілік және қайырымдылық шараларын көрсетіп келеді,-деп атап өтті А.Жақсыбеков.

Жанель Жұмағалиева- Атырау қаласының тұрғыны, 2013 ж. туған. Туғанына 3 ай болған Ж.Жұмағалиеваға «Бауыр циррозы» диагнозы қойылды. Ота жасауға қажетті қаражат әлеуметтік желі арқылы жиналды. Отаға керекті қаражаттың 4,2 млн теңгеден астамын ЕМГ төледі. 2014 жылы Ж.Жұмағалиеваға әкесінің бауырын орнату отасы сәтті аяқталды. Қыз баланың ауруханадан шығар кезінде, тұрғын үйлері қатты жауыннан бүлініп, тұруға жарамсыз болды. Компанияның қызметкерлері бір күндік жалақысы есебінен қаражат аударып, баспанаға күрделі жөндеу жасалынды.  

«Шағын ел» қоғамдық қоры- 2013 жылдың тамыз айында тіркеуден өтті. Қоғамдық қордың құрылуына қажетті алғашқы қаражат- 8 млн теңгені ЕМГ бөлді. Орталықтың құрылтайшысы және төрағасы Ерлан Күмісқалиев 2015 жылы «Алтын Жүрек» жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен денсаулық сақтау министрі Тамара Дүйсенованың Алғыс хаттарына ие болды. Елбасының Жарлығымен «Шапағат» медалімен марапатталды. Бүгінгі таңда қоғамдық қорда 240 бала ем алуда.  

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Ғалия Қаражанова -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Компанияда -5500 адам еңбек етуде.