сайт статистики

Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) қарасты өндірістік құрылымдық мекемелерде қызметкерлерді басқару бойынша семинар-кеңес өтті

Атырау қаласында «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) қарасты өндірістік құрылымдық мекемелерде қызметкерлерді басқару бойынша семинар-кеңес өтті

Компанияда мамандар қызметі жұмысының қорытындысы бойынша кеңейтілген семинар ұйымдастыру соңғы уақытта дәстүрге айналған шараның бірі. 2014 жылдан бері ЕМГ қызметкерлерді дамыту және басқару департаменті Компанияға қарасты барлық басқармалардағы мамандарды басқару бөлімінің қызметкерлерін жинап, атқарылған жұмыстың қорытындысын шығарып, алдағы жұмыстарды талқыға салуды жолға қойып келеді. Кеңейтілген семинарға бас директордың жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков пен «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ қызметкерлерді басқару және еңбек ақы төлеу департаментінің директоры Эльмира Каримова қатысты.

- Биылғы жылы біз ауқымды жұмыстарды жүзеге асырдық. Басталған жобалар жалғасын тауып, жаңа жобалар қолға алынды. Соның бірі- дуалдық оқу бағдарламасы ауқымды және қызықты болуымен ерекшеленеді. Бұл орайда біздің Компнаия мұнай-газ саласындағы тың бастаманы алғашқылардың бірі болып жүзеге асыруда. Алдағы жылда қолға алатын игі шаралар бұдан да ауқымды әрі өзекті- деді әріптестеріне қарата айтқан қызметкерлерді дамыту және басқару департаментінің директоры Гүлбану Шарафетдинова.

Семинарға қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, шешу жолдарын ортаға салды. Бас қосудың екінші бөлігінде тренинг ұйымдастырылып, нәтижесінде қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Ғалия Қаражанова -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Компанияда -5500 адам еңбек етуде.