Атырауда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геологтары кәсіби мерекелерін атап өтті
Атырауда «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ геологтары кәсіби мерекелерін атап өтті
«Ембімұнайгаз» АҚ Бас офисінде ҚР геологтардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Оған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басшылығы, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС кәсіпорындар ұжымдарының өкілдері мен ардагер мұнайшылар, «Ембімұнайгаз» АҚ-на қарасты басқармалардың геолог мамандары қатысты.
Салтанатты шараны құттықтау жылы лебізімен ашқан «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары Ануар Жақсыбеков Ембі кен алаңдарының геологиялық–барлау жұмыстарының кешелі-бүгінді тынысына жан-жақты тоқталды.
- Ембілік геологтар есімдерінің Өзен мен Теңіз ірі кеніштердің бастауында тұрғанын мақтанышпен айтамыз. Ғасырдан астам тарихымен ел экономикасында айрықша орны бар «Ембімұнайгаз» АҚ ардагер-геологтардың үлесімен Ботахан, Шығыс Мақат, Оңтүстік –Шығыс Қамысты, Досмұхамбетов, Ақінген, Аққұдық, Оңтүстік-Шығыс Новобогат, Уаз т.б. кен алаңдары ашылды. Бүгінгі геолог мамандар аға буынның сара жолын абыроймен жалғастырып, шикізаттың артуы жолында аянбай еңбек етуде. Соңғы жылдарда геолого-барлау жұмыстарының нәтижесінде С.Нұржанов, Шығыс Мақат, Батыс Прорва, Аққұдық, Оңтүстік-Шығыс Новобогат, Жаңаталап кеніштерінде өнім беру алаңдары кеңейтілді.
Компанияның болашағы жаңа кеніштердің ашылуымен, перспективалы алаңдардың тыңғылықты зерттелуімен байланысты екені бәрімізге белгілі,- деп атап өтті өз сөзінде А.Жақсыбеков.
Жарыс сөзге шыққан «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директор Қ.Нұрғалиев, ардагер геологтардың атынан сөз алған А.Өтесінов жалпы елдегі мұнай-газ қорын молайту бағытындағы шараларға өзіндік пікірлерін білдірді.
Салтанатты шарада Қазақстан мұнай-газ секторы мен энергетика саласын дамытуға қосқан үлестері үшін жекелеген мамандар «KAZENERGY» қауымдастығының медалімен, Құрмет грамотасымен, Алғыс хатымен, сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ембі кен алаңдарында мұнай-газ қорын іздеу-барлау бағдарламасының жүзеге асуына зор үлес қосқан бір топ ардагер-геологтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
ЕМГ АҚ – КМГ ҰК АҚ-на қарасты КМГ БӨ АҚ –ның еншілес кәсіпорны. ЕМГ АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі. Компанияда 31.12.2016 ж. есеп бойынша 5236 адам еңбек етеді.