«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) жаңа басшы сайланды
«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) жаңа басшы сайланды
ЕМГ Директорлар Кеңесінің шешімімен 2017 жылдың 24 сәуірінен бастап Басқарма Төрағасы болып Жақсыбеков Ануар Еркинович сайланды.
-Ануар Жақсыбеков мамандығы бойынша геолог, кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геология департаментін басқарған. Өзін мамандығын жетік меңгерген кәсіби маман ретінде көрсете білді. Бүгінгі таңда ЕМГ алдында тұрған негізгі бағыттардың бірі- ресурстық базаны күшейту мақсатында жүргізілетін геологиялық барлау жұмыстары мен жаңа активтерді сатып алу. Бұдан басқа Компанияның келешекте даму стратегиялық бағыты- өндіріс көрсеткішін сақтай отырып, даму жоспарын қолға алу, сонымен қатар, тұтас ұжымда және Атырау облысы аумағында орналасқан нысандарда тұрақтылықты қамтамасыз ету - деп атап көрсетті «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры Құрманғазы Орынғазыұлы Есқазиев.
Жаксыбеков Ануар Еркинович - жаңа тағайындауға дейін ЕМГ бас директорының жаңа жобалар және технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымын атқарды. Ал бұрын «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ барлау және өндіру блогында геология және геофизика департаментінің директоры, «Н Оперейтинг Компани» ЖШС-де «ҚазМұнайгаз» ҰК» АҚ атынан геологиялық барлау менеджері, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары, «Кашаган Б.В.» ФЧКОО бас директорының келешек жобалар және операциялық қызметтер жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 34-де өнім өндіріледі. 31.12.2016 ж. дерек бойынша Компанияда 5236 адам еңбек етеді.