сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) ҚР еңбегі сіңген мұнайшы Бөлекбай Сағынғалиевтің 90 жылдығын атап өтті

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) ҚР еңбегі сіңген мұнайшы Бөлекбай Сағынғалиевтің 90 жылдығын атап өтті

ЕМГ АҚ-да ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген мұнайшы Б.Сағынғалиевтің 90 жылдығына орай салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға Атырау облысы  әкімнің бірінші орынбасары Г.И. ДЮСЕМБАЕВ, ҚР энергетика министрлігінің вице-министрі М.Ж.Досмұхамбетов, KAZENERGY Ассоциациясының бас директоры Б.У.Ақшолақов, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (КМГ БӨ)бас директоры Қ.О.Есқазиев, өндіріс ардагерлері, Б.Сағынғалиевтің туыстары және ЕМГ ұжымы қатысты.

Салтанатты шара ертеңгілік Б.Сағынғалиев тұрған үйге мемориалдық тақтаны орнатудан басталды. Бұдан кейін салтанатты шара Компанияның бас кеңсесінде болған «Қазақстан мұнай-газ саласын дамытудағы Б.Сағынғалиевтің үлесі» атты ғылыми-практикалық конференцияға жалғасты.

- Қазақстан экономикасының күретамыры-еліміздің мұнай-газ саласы болып есептелінеді. Майталман мұнайшы Б.Сағынғалиевтің есімімен көптеген кен алаңдарының ашылуы қатар айтылады. Әлемге  кең танылған  Теңіз мұнай кен алаңының алғашқы ашушысы,- деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Атырау облысы  әкімнің бірінші орынбасары Гумар ДЮСЕМБАЕВ. 

Конференция барысында Б.Сағынғалиевтің өмір жолдарынан сыр шертетін КМГ БӨ демеушілігімен дайындалған «Алғашқы ашушы» («Первооткрыватель») деректі фильмінен үзінді көрсетілді.

- Бөлекбай Сағынғалиевтің еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі зор.  Ол Ембі өндірісінде басшылық еткен  жылдарда өнім өндіру көрсеткіші артып, жаңа кеніштер іске қосылды. Мұнайшылардың тұрмыстық жағдайы жақсарды. Алматы политехникалық институтта мұнай факультеті ашылып, кейіннен Атырауда осы оқу орнының филиалы ашылуына да  үлкен үлес қосқан.Теңіз кенішінің алғашқы ашушыларының бірі.  Мұнайшылардың ауысымдық әдіспен еңбек етуін ұйымдастырды.  Бүгінгі ембілік мұнайшылар ардагерлер  бастаған игі шараларды сәтімен жалғастырып келеді,- деп атап өтті кіріспе сөзінде ЕМГ АҚ Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков.

Салтанатты шара мерекелік дастарханмен аяқталды.

Бөлекбай Сағынғалиұлы Сағынғалиев- 1927-2009 жж. ҚазССР еңбегі сіңген мұнайшы, ҚР еңбегі сіңген мұнайшы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Еңбек жолын мұнай өндіру шеберінің көмекшілігінен бастады. «Қазақстаннефть» ӨБ бас инженері, (1945 ж. «Эмбанефть» тресті «Қазақстанмұнай» ӨП болып өзгерген), Қазақстан мұнай бірлестігі бөлім басшысы, халықшаруашылығы Кеңесі мұнай бөлімінің меңгерушісі, Орталық партия комитетінде ауыр өнеркәсіпті қамтитын бөлім басшысының мұнай жөніндегі орынбасары, «Қазақстаннефть» бірлестігі бас директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары, 1971-1986 жж.- «Эмбанефть» ӨФ бас директоры  қызметтерін атқарды. 3 рет «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, «Октябрь революциясы» орденімен, мерекелік медальдармен және 3 рет Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.  ҚР Минералдық ресурстар Академиясының корреспондент-мүшесі, Инженерлік академиясының академик-кеңесшісі.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

ЕМГ АҚ – КМГ ҰК АҚ-на қарасты КМГ БӨ АҚ –ның еншілес кәсіпорны. ЕМГ АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 34-де өнім өндіріледі.  Компанияда 31.12.2016 ж. есеп бойынша 5236 адам еңбек етеді.