сайт статистики

Атырау қаласында, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) базасында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (КМГ БӨ) деңгейінде ұйымдастырылған 5-ші «Жас мамандар күні» шарасы өтті

Атырау қаласында, «Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) базасында «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (КМГ БӨ) деңгейінде ұйымдастырылған 5-ші «Жас мамандар күні» шарасы өтті.

08 - 09.06.17 аралығында өткен 5-ші «Жас мамандар күні» шарасына  КМГ БӨ құрамына кіретін 12 еншілес мекемеден: «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз»АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазгермұнай»БК» ЖШС, «Argymak TransService» ЖШС, «Карповский Северный» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС, «УДТВ» ЖШС, «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «КазГПЗ» ЖШС, «Кең-Құрылыс-Сервис» ЖШС жас мамандары мен өкілдері қатысты.   

- Биылғы форумның  біздің Компанияның базасында - 95 жылдық  мерей той қарсаңында өтіп жатқаны біз үшін ерекше. Қазақ мұнай-газ саласының болашағы білімді  мамандардың  қолында. Сала жұмысының заман талабына сай дамуына сіздер үлес қосасыздар. Ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастыру биылғы жылдың жаңалығы, конференция барысында қатысушылар жаңа технология мен перспективалы жобаларды жүзеге асыру барысымен таныстырады. Бұл - компаниялар  арасындағы тәжірибе алмасудың  тамаша алаңы,- деп атап өтті шараның ашылу салтанатында ЕМГ Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков.

«Жас мамандар күні» шарасы кезінде дәстүрлі жобалар жұмысы  4 секция бойынша сынға түсті: «Геология және кен алаңдарды игеру», «Мұнай-газ өндірудің техникасы  мен технологиясы», «Экономика» және «Өндіріс процесін жақсарту, энергетика және АСУТП». Сайысқа КМГ БӨ еншілес мекемелерінен келген 39 жас маман қатысты. Өткен жылғы сайыстың қорытындысы бойынша табысты қорғалған бірнеше жоба өндіріске  енгізілді, оның ішінде «Ембімұнайэнерго» басқармасынан Айбек Бисеновтің де жобасы бар. Ғылыми-практикалық конференцияда таныстырылатын  жобалар видеорепортаж түрінде көрсетілді. Оған қатысқан  10 жас маманның 5-уі ЕМГ-ден.

Шараның екінші күні жас мамандар ресейлік бизнес-тренер Гузель Санжаповамен, ЕМГ АҚ Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбековпен  кездесті.  Әңгіме өзегі әлеуметтік бизнесті дамыту жолдарына арналды.   

Екі күнге созылған форумда жас мамандар Компанияның Бас кеңсесіндегі интерактивтік мұражай мен «Уаз Интеллектуалды кен алаңы» Өндірісті бақылау орталығында болып, өндіріс жаңалықтарымен танысты.   Сонымен қатар, «Амангелді» жеке қожалықта болып, Жайық өзенімен теплоходта демалды. Басқа да мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Екі күндік форум өз жұмысын «Оранж пати» шарасымен қорытып, онда жоба жұмыстарының жеңімпаздары марапатталды. «Геология және кен алаңдарын игеру» секциясы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ қабат қысымын сақтау цехының техник-геологы Жарас Исламбердиевтің «Кольматациямен күрестің тиімді әдісі» (Перфорация интервалын тазалау) жобасы, «Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы» секциясы бойынша «Қаражанбасмұнай» АҚ ұңғымаларды зерттеу цехының аға инженері  Руслан Акмухановтың «ППШ-О штангалық құралы» жобасы, «Экономика» секциясы бойынша «КазГерМұнай» БК» ЖШС жетекші инженері Гибрат Ауғановтың « Еңбекті есептеуді енгізу» жобасы, «Өндіріс процесін жақсарту, энергетика және АСУТП» секциясы бойынша «Өзенмұнайгаз» АҚ Барлау жұмыстары Ұңғымаларды жер асты жөндеу бригадасының  операторы Бекназар Таласбаевтың «Ұңғымаларды жер асты жөндеу жұмыстарын оңтайландыру» жобасы және ЕМГ АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ мұнай дайындау және айдау цехының жөндеушісі Дархан Жаңабаевтың  «ОПИ электронлы тасымалдауды енгізу» жобасы үздік деп танылды.

Ғылыми-практикалық конференцияда «Көрермен көзайымы» номинациясын «Өзенмұнайгаз» АҚ  Жұртшылықпен байланыс департаментінің маманы Бауыржан Байымбетов жеңім алды.  

Қысқаша ақпарат: КМГ БӨ бойынша «Жас мамандар күні» алғаш рет 2013 жылы Ақмола облысы Қатаркөл поселкесіндегі Оқу орталығы базасында өтті. 2014 жылы Алматы қаласында «Алатау»  шипажайының базасында ұйымдастырылды. 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы «Алматау» курортының базасында дөңгелек стол форматында өтті. 2016 жылы Қызылорда қаласы «Қазгермұнай» БК» ЖШС базасында өтті. Шараны ұйымдастырудағы мақсат: КМГ БӨ жастар саясатын жүзеге асыру, жас мамандардың ғылым, техника мен өндірісті басқаруда  шығармашылық мүмкіншіліктерін дамыту.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.