сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Атырау мұнай және газ университетінің 8 түлегін жұмысқа шақырды

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) Атырау мұнай және газ университетінің 8 түлегін жұмысқа шақырды

Атырау облыстық драма театрының залында Атырау мұнай және газ университетін бітірушілерге диплом тапсыру салтанатты шарасы өтті. Диплом тапсыру шарасына Компания басшылығы да қатысты. ЕМГ 2015 жылдан бастап Атырау мұнай және газ университеті мен APEC Petrotecnic жоғары техникалық мектептің студенттері үшін дуалдық оқыту бағдарламасын іске қосқан болатын. Биыл Атырау мұнай және газ университетінің 19 студенті Компания базасында бағдарламаны аяқтады.

- Бүгінгі күннің сіздер үшін маңызы зор. Сіздер үлкен өмірге тек теориялық біліммен ғана емес, жұмысшы мамандығы деген лауазыммен қадам жасап отырсыздар. Білім мен мұнай өндірісінде алған тәжірибе жаңа өмірде сіздерге үлкен жетістік боларына сенімдімін. Өткен жылы біз тесттік жүйенің қорытындысында 4 түлекті жұмысқа қабылдадық. Биыл Компания қорытынды тест сынағында жоғары балл жинаған 8 жасты жұмысқа шақырып отыр,-деп атап өтті шара кезінде ЕМГ Басқарма төрағасы Ануар Жақсыбеков.

19 бітірушінің 10-ы «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, 9-ы «Жылыоймұнайгаз» бен «Жайықмұнайгаз» басқармасының базасында дуалдық бағдарламадан өтті.

Өндірістік оқу мен практикадан кейін студенттер квалификациялық емтихан тапсырды. Қорытындысында «Ұңғымаларды зерттеу операторы» және «Сусыздандыру мен тұссыздандыру қондырғысының операторы» мамандықтары берілді. Оқыту схемасы қарапайым және тиімді: Студенттер ЕМГ өндірістік құрылымдарына бөлініп, 14/14 күннен ауысымдық әдіспен тәулігіне 11 сағат жұмыс істейді.

Өндірістік практиканың соңында студенттер емтихан тапсырып, қорытындысында еңбек кітапшаларында мамандық біліктілігі жазылады. Дуалдық оқу бағдарламасын өндірісте ұйымдастыру шығындарына ЕМГ жауапты. Дуалдық оқу жүйесі барлық қатысушы тараптардың мүдделеріне жауап береді.

Компания үшін- маман дайындаудың тетігі. Оқу орны үшін- жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау. Жастар үшін дербестік алуға, кәсіптік тәжірибе жинауға және жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

«Ембімұнайгаз» АҚ Баспасөз қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)

Анықтама:

«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.