«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі «ЕМГ» немесе «Компания») үздік мұнайшылар анықталды.
«Ембімұнайгаз» АҚ-да (бұдан әрі «ЕМГ» немесе «Компания») үздік мұнайшылар анықталды.
«Ембімұнайгаз» АҚ-да, С.Балғымбаев кен орны («Жайықмұнайгаз» МГӨБ) базасында кәсіби шеберлікті шыңдайтын дәстүрлі «Үздік маман» корпоративтік конкурсының 2-ші туры өтті.
Екі күн бойына, яғни, 29, 30 күндері 80 мұнайшы 13 мамандық бойынша өзара сайысып, жоғары біліктілік, ұшталған еңбек дағдысын және іс жүзіндегі еңбек нәтижесін көрсетті.
- Биыл біздің компаниямызға 95 жыл толып отырған мерейлі жылы жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Доссормұнайгаздың» иеленуінің мәні ерекше. Мұнайдың ірі кен орны «Доссор» сонау 1911 жылы ашылған болатын. Өзінің жеңісімен басқарма ұжымы Ембінің алғашқы мұнайшыларына деген биік құрметін көрсетті. Сондай-ақ, тұтастай алғанда барлық сайысқа қатысушылар Компанияның кәсіби тұрғыда дамуы мен мұнайшы мамандығы мәртебесінің өсуіне үлкен үлес қосты, - деді сайысқа қатысушыларды құттықтау рәсімінде ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат ҒАБУЛЛИН.
Бірінші тур, 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында Компанияның 6 құрылымдық бөлімшелері арасында өткен болатын.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды «Доссормұнайгаз» МГӨБ, екінші орынды – «Қайнармұнайгаз» МГӨБ, ал үшінші орынды – «Жайықмұнайгаз» МГӨБ иеленді.
Төмендегілер 13 номинация бойынша үздіктер деп танылды:
Мұнай және газ өндіру операторы |
Бектурганов Нурбек Бактыгалиевич («Кайнармунайгаз» МГӨБ). |
Ұңғымаларды жер асты жөндеу операторлар командасы |
Карабаев Еркебулан Нурболатович, Сауенов Максот Талғатұлы, Уахитов Жумагелди Тилегенович («Кайнармунайгаз» МГӨБ). |
Ұңғымаларды зерттеу оепарторы |
Теміров Рахымжан Тұрлығалиұлы («Жылыоймунайгаз» МГӨБ). |
Мұнай дайындау (тауарлы) оператор |
Конанов Қуандык Жұмабайұлы («Доссормунайгаз»МГӨБ). |
Сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының операторы |
Косубаев Мурат Сисенбаевич («Кайнармунайгаз» МГӨБ) |
Жер қабаты қысымын сақтау операторы |
Габдулгазиев Алибек Аманжанович («Доссормунайгаз»МГӨБ). |
Химиялық талдау жасау лаборанты |
Ахметова асия Аскарбековна («Жайыкмунайгаз»МГӨБ). |
Электргазбен дәнекерлеуші |
Табынбаев Аслан Серикович («Жылыоймунайгаз» МГӨБ). |
Слесарь-жөндеуші |
Танашев Аман Утегенович («Доссормунайгаз»МГӨБ). |
Темір жонушы |
Калиев Батиголла Губайдоллаевич («Жайыкмунайгаз»МГӨБ). |
Цементтеу агрегатының моторисі (машинист) |
Рахманов Айболат Зинуллаевич («Доссормунайгаз»МГӨБ). |
Жүк таситын көлік жүргізушісі |
Құрман Серік Құрманұлы («Жайыкмунайгаз» МГӨБ). |
Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету бойынша электромонтер (бригада) |
Уткельбаев Мирамбек Камбарович, Имашев Келіс Қуанғалиұлы, Берниязов Думан Бауыржанович («Кайнар» АЭТ). |
Сайыстың үшінші туры «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ көлемінде ағымдағы жылдың тамыз-қыркуйек айындарда өтеді.
Баспасөз қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде)
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК». Компанияда 41 мұнай-газ кеніші бар, оның 33-де өнім өндіріледі.