«Ембімұнайгаз» АҚ-нда (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) 95 жылдық мерейтойға арналған шаралар басталды
«Ембімұнайгаз» АҚ-нда (бұдан әрі – ЕМГ немесе Компания) 95 жылдық мерейтойға арналған шаралар басталды
31 тамызда ЕМГ орталық кеңсесінде Компанияның құрылғанына 95 жыл толуына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Атырау облысының әкімі Н.А.Ноғаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы С.М.Мыңбаев, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұ.С.Қарабалин, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры Қ.О.Исқазиев, ЕМГ бұрынғы басшылары мен қызметкерлері қатысты.
- Ембінің ұзақ жылғы тарихында мұнай өндіру мен геологиялық зерттеу барысында үлкен тәжірибе жинақталды. Мұнайшы-еңбекшілер әулеттері мен талантты қазақстандық мамандық, білікті басшылар қалыптасты. Бүгінде «Ембімұнайгаз» – келешекке үлкен сеніммен қарайтын мұнай компаниясы. Компаниямызда ең басты құндылық – адам екенін атап өткім келеді. Мұндай ұжыммен біз алға қойылған барлық міндеттерді орындайтынымызға сенемін, - деп атап өтті ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.
– Бүгін тарихи күн. Алдыңғы буын ағалардың салған сара жолы қазір жарасымды жалғасын тауып келеді. Бұл ембілік мұнайшылардың қоғамның, еліміздің өркендеуіне «қара алтынды» өндірумен ғана емес, рухани дамуға да қосып жатқан үлесі деп білеміз. Біз бірігіп Елбасы жүктеген міндеттерді орындаймыз, – деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.
ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат МЫҢБАЕВ өз сөзінде қазақстандық мұнай саласының дамуына қосқан ембілік мұнайшылардың еңбектерін жоғары бағалады:
- Ембілік геологтар Батыс Қазақстан аймағындағы ең ірі көмірсутек шикізаттары кең орындарын ашуда үлкен еңбек сіңірді. Соның арқасында әлі күнге дейін мұнай-газ саласы ел экономикасы дамуының локомотиві саналып келеді.
Бүгінге дейін игеріліп жатқан Өзен, Маңғышлақ, ембілік кен алаңдар және әлемдегі ең үлкен жобаның бірі саналатын Теңіз – «Ембімұнайгаз» геолог-мұнайшыларының ерең еңбегінің жемісі.
Сондай-ақ, шара барысында ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ – 95 жыл» мерекелік медалімен марапаттау рәсімі өтті.
Ал, кешке Исатай-Махамбет атындағы орталық алаңда Компанияның мерейтойына арналған гала-концерт ұйымдастырылды. Мәдени кеште жергілікті өнерпаздармен бірге Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, қазақ эстрадасының жұлдыздары Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Ақылбек Жеменей мен Бейбіт Көшқалиевтер жиналған жұртшылыққа тамаша көңіл-күй сыйлады. Кеш соңы мерекелік отшашуға ұласты.
«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:
Қаражанова Ғалия -G.Karajanova@emg.kmgep.kz , тел: +77122993421, +77122355056 (қазақ тілінде),
Лаура Сулейменова –L.Suleimenova@emg.kmgep.kz тел:+77122993477 (орыс тілінде).
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».