сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) полимерлік суландыру жобасын кеңейтуде

«Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ немесе Компания) полимерлік суландыру жобасын кеңейтуде

Компания Исатай ауданындағы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ-ның Забурын кенішінде полимерлік суландыру жобасын сәтті жүзеге асыруда.

Аталған жобаны іске асыру жұмыстары 2014 жылы жабысқақ мұнайлы кен орындарынан «қара алтынды» өндіруді тұрақтандыру мақсатында басталды. Қазіргі таңда полимерлік ерітіндіні екі ұңғымаға айдау нәтижесінде полимерлік суландыру аумағында тұрақты өнім беруге қол жеткізілді. Алынған қорытындылар «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен расталып, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директорлар кеңесінің отырысында полимерлік суландыру жобасын кеңейту шешімі қабылданды. Ал, Забурын кенішінің негізгі аумағын толық қамту мақсатында су айдау ұңғымаларының саны 6-ға дейін өсті.

- Полимерлік суландыру технологиясын қосымша 4 ұңғымаға енгізу кен алаңында өнім беру деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аталған жоба базасында бұл технологияны өзге ле кен алаңдарына таратуды жспарлап отырмыз. Сол арқылы жабысқақ мұнайды әзірлеу мәселелерін шешу, мұнайды бөліп алу коэффицентін арттыру және кен орындарын пайдалануға берудің экономикалық тиімділігін ұзартуға мүмкіндік алуды көздеп отырмыз, - деп атап өтті жобаны кеңейтуге арналған салтанатты шарада ЕМГ игеру бойынша басқарушы директоры Қ.М.ҚАСЫМҒАЛИЕВ.

Полимерлік суландыру жобасы ЕМГ, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС, «Алстрон» ЖШС мамандарымен бірлесе атқарылып отыр. Жоба авторы – «Каспиймұнайгаз ҒЗИ» ЖШС.

«Ембімұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның баспасөз қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: +77122993421, +77014472137.

Анықтама: «ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».