«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Сандық кен алаң» жобасы Ресейде мұнай-газ саласының IT-жобалары арасынан үздік танылды
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) «Сандық кен алаң» жобасы Ресейде мұнай-газ саласының IT-жобалары арасынан үздік танылды
2017 жылдың 14 қыркүйегінде Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласындағы А.С.Попов атындағы орталық байланыс музейінде «Мұнай-газ саласына арналған үздік 10 IT-жобасы» атты ІХ бүкілресейлік байқауының лауреаттарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Аталған байқау 2009 жылдан бастап РФ Байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, жыл сайын IT саласындағы маңызды жобаларды анықтап келеді.
Әділқазылар алқасының бірауыздан шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ жобасы «Сандық кен орын» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Жеңімпазды іріктеу барысында ЕМГ ұсынған жоба жапондық Sumimoto корпорациясына (әлемдегі 200 ірі компаниялар қатарына кіретін) тиесілі «Престиж-интернет» ЖШҚ-ын ұңғымаларды радиожиілікпен жабдықтау, «Роснефть» ААҚ құрамындағы ірі мұнай өндіру компаниясы «РН-Юганскнефтегаз» ЖШҚ-ын «Сандық кен алаң», жылына 9 млн. тонна мұнай өндіретін «Салым Петролеум Девелопмент Н.В» мұнай корпорациясын геологиялық модельдеу және басқа да жүйелер бойынша басып озды.
Конкурстың статуэткасы мен сертификаты ЕМГ Өндірісті автоматтандыру және ақпарат технологиясы департаментінің директоры Болат Нсанбаевқа табыс етілді.
Анықтама: «Сандық кен алаң» жобасы 2015 жылдың қазан айынан жүзеге асырыла бастады. Сандық (интеллектуалдық) кең алаңы технологиясы енгізілген онлайн режимі арқылы мұнай өндірудің барлық сатысының параметрлерін бақылап, алынған нәтижені диспетчерлік пунктке жібереді. Ал, бұл жерде оператор жедел түрде шешім қабылдай алады. Сонымен қатар, барлық ақпарат параллельді түрде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Визуализация орталығы мен Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-ның Сараптау және шешім қабылдау орталығына келіп түседі. Ақпарат мұнда да сараптаудан өтіп, соның негізінде ұзақмерзімді жоспарлар құрылады.
«Интеллектуалды кен алаңы» жобасы аясында Уаз кен алаңында өткен жылы ұңғымалық қондырғыларды оңтайландыру және ұңғымаларды пайдалану коэффициентін арттыру арқылы 1,24% пайызға артық қосымша мұнай өндірілді. Бұған қоса электр энергиясын 33 %-ға қысқарту, ұңғымаларды жөндеуге кеткен шығынды 25%-ға азайтуға қол жеткізілді.
2017 жылы интеллектуалдық кең алаңының жүйесін кеңейту және Прорваның: Ақтөбе, Досмұхамбетов, Батыс Прорва және С.Нұржанов төрт кең алаңына тарату жоспарланып отыр.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: +77122 99 32 09. +7 701 447 21 37.
Анықтама:
«ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».