«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) облыстық балалар ауруханасына медициналық қондырғыларды сыйға тартты
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) облыстық балалар ауруханасына медициналық қондырғыларды сыйға тартты
20 қыркүйекте Атырау облыстық балалар ауруханасы ғимаратында өткен шарада ЕМГ басшылығы емдеу мекемесі ұжымына салтанатты түрде медицинадық қондырғыларды тапсырды.
- Ембілік мұнайшылар мүмкіндігі шектеулі және медициналық көмекке қажет ететін балаларға үнемі назар аударып келеді. Сондықтан, Компаниямыздың 95 жылдығына арналған шаралар аясында және облыстық балалар ауруханасы басшылығының сұранысына орай қажетті медициналық қондырғыларды алуға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданды, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Компания бөлген қаражатқа:
- Сұйық дәрі түрлерінің мөлшері мен жылдамдығын жоғары дәлдікпен ұзақ мерзімді енгізуге арналған электронды автоматты 5 дозатор;
- ауыр науқастарды қауіпсіз түрде тасымалдауды жеңілдететін, реанимациялық бөлімшелерге арналған «Интеграл КЭМ» көпфункциялы 3 медициналық қоларба;
- жарақат алған немесе төсекке таңылған балаларды оңалту және қалыпқа келтіруге мүмкіндік беретін төрт секциялы, электромеханикалық реттеуіші бар «Интеграл КБ-7» маркалы көпфункциялы 5 кереует алынды.
Атырау облыстық балалар ауруханасы 1974 жылы ашылған. Жыл сайын бес мыңнан астам кішкентай пациенттерді қабылдайды.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі.
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: +77122 99 32 09. +7 701 447 21 37.
Анықтама: «ЕМГ» АҚ – «КМГ»ҰК» АҚ-на қарасты «КМГ» БӨ» АҚ –ның еншілес кәсіпорны.»ЕМГ»АҚ-на қарасты 6 басқарма бар. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме «Ембімұнайэнерго», «ӨТҚЖжЖК».