«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) басшылығы 25-інші мерейлі «Мұнай және Газ» – KIOGE 2017 Халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысты
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) басшылығы 25-інші мерейлі «Мұнай және Газ» – KIOGE 2017 Халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысты
Алматы қ.
Компанияның Басқарма төрағасы Ә.Е.ЖАҚСЫБЕКОВ, басқарушы директорлары және өндірістік-құрылымдық бөлімшелер басшылары Алматы қаласында 4-6 қазан күндері өткен «Мұнай және Газ» – KIOGE 2017 Халықаралық көрмесі мен конференциясына қатысты. Бұл екі шара бастау алған 25 жыл ішінде Қазақстан Республикасы мен алыс және шет мемлекеттердің мұнай-газ секторы мамандарының тәжірибе алмасу және потенциалды серіктестердің іскерлік кездесу алаңына айналып үлгерді. Биыл «Ембімұнайгаз» АҚ конференцияның қола серіктесі ретінде бекітілді.
- Барлық мұнай-газ компаниялары сияқты біздің де компания соңғы жылдарда әлемдік мұнай бағасының төмендеуі мен оның бүгінгі таңдағы құбылмалылығына байланысты энергия көздеріне әлемдік сұраныстың баяулауы, сланец революция, энергия көздерін жаңарту өндірісін белсенді дамытуға және т. б. проблемаларға кезігіп отыр. Сонымен қатар, компаниямыз ішкі факторларға да назар аударуы керек. Бұл бағытта Компания ауқымды жұмыстарды қолға алуда. Олардың бірқатары нақты жобалар жүзінде жүзеге асып келеді, - деп атап өтті конференцияда сөйлеген сөзінде ЕМГ басшысы Әнуар Жақсыбеков.
«Қазақстандағы мұнай-газ саласының өндіруші секторы: жағдайы мен перспективалары» сессиясында сөйлеген сөзінде ЕМГ басшысы алда тұрған мәселелерді шешу, соның ішінде, шикізат базасының өсімін, өндіріс тиімділігін арттыру, газды залалсыздандыру және жаңа өнім түрлерін шығару бағыттарын дамыту, шығындарды оңтайландыру үшін өндіріске жаңа технологияларды енгізу жолдарына тоқталды.
Мерейлі көрме мен конференция жұмысына әлемнің 25 елінен 250-ден астам компания қатысты.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Қндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ бастауы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.
Компания кен алаңдарында 41 кеніш болса, оның 33 игерілуде.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.
Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
Соңғы төрт жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 625 млрд. теңгеден астам қаражатты аударды. Соның ішінде, 81 млрд. теңге – 2016 жылы.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.