«Ембімұнайгаз» АҚ-нда аппараттың басқарушы құрамы мен Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен Стратегиялық сессия өтті.
«Ембімұнайгаз» АҚ-нда аппараттың басқарушы құрамы мен Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуымен Стратегиялық сессия өтті.
Атырау қ. 21-22 қазан 2017 ж.
Стратегиялық сессияның мақсаты: энергия тасымалдауға әлемдік сұраныстың және жаңартылған энергия көздері өндірісі дамуының баяулауы, компанияның алдағы дамуы бағытын айқындауға білікті қызметкерлерді тарту, басшылық пен жұмысшылар арасындағы ішкі коммуникациялық байланысты арттыру бағытында қысқа және ұзақ мерзімді даму перспективасын талқылау. Екі күндік шара барысында қызметкерлер стратегиялық менеджменттің теориялық және тәжірибелік маңызы зор жаңалықтарымен танысты.
Қазіргі кезде Компанияда бұрын дайындалған «Ембімұнайгаз. Дамудың жаңа көкжиектері» («Ренессанс») Стратегиясының өзектілігін арттыру, оның «Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің бекітуі және еншілес компаниялармен келісуі үшін үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Стратегиялық сессияның ұйымдастырушысы Компанияның келешекте дамыту жөніндегі басқарушы директоры Ә.Байдусенов жетекшілік ететін келешектік даму департаменті болды.
Аталған стратегияны жасақтауға осыдан бірнеше жыл бұрын компания үшін жүйелі жұмыстарды қажет ететін объективті факторлар жиынтығы ықпал етті. Компанияның даму стратегиясының өзектілігін арттыру қажеттілігі геологиялық барлау, газды өндіру бағыттарын дамыту және газды өңдеу арқылы өнім өндіру бойынша жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, энергиямен қамту және сумен жабдықтаудың баламалы көздерін арттыру, бизнес-процестерді автоматтандыру, IT-технологиялар мен кадр дайындауды дамыту мақсатында туындады.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).
Анықтама: «Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Қндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ бастауы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.
Компания кен алаңдарында 41 кеніш болса, оның 33 игерілуде.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.
Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
Соңғы төрт жылда «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 625 млрд. теңгеден астам қаражатты аударды. Соның ішінде, 81 млрд. теңге – 2016 жылы.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.