сайт статистики

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЭМГ немесе Компания) 2017 жылы Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы міндеттерін орындады

«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЭМГ немесе Компания) 2017 жылы Атырау облысының әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы міндеттерін орындады

ЕМГ мемлекет алдындағы, соның ішінде, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім шарттарға қатысты әлеуметтік міндеттерін толықтай орындап келеді.

- Компания акционерлік қоғам ретінде құрылған 2012 жылдан бүгінгі күнге дейін Атырау облысының инфрақұрылымын дамытуға шамамен 2,3 млрд. теңге,  республикалық және жергілікті бюджетке салық есебінде 654 млрд. теңге және демеушілік пен қайырымдылық ретінде 2 млрд. қаражат бөлді, - деді БАҚ өкілдеріне  Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты ТАСМАҒАМБЕТОВА Компанияның аудандарға ұйымдастырған баспасөз туры барысында.

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім аясында Компания жыл сайын Өңірлік инфрақұрылымды дамыту  бағдарламасына белсене қатысып келеді. 2017 жылы ЕМГ бұл бағытта 840 млн. теңге бөлді. 

2016-2017 жылдары бөлінген қаражат игеріліп, биыл бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Атап айтсақ, Қызылқоға ауданының Сағыз және Тасшағыл ауылдарындағы екі пәтерлік 5 үй, 100 орындық балабақша, Мақат ауданындағы 300 орынға негізделген О.Сарғұнанов атындағы орта мектеп, Исатай ауданының Тұщықұдық және Жанбай ауылдарындағы «Құлыншақ» балабақшасына жапсаржай және 200 орындық Мәдениет үйі.  

Қазіргі таңда Қызылқоға ауданының ауылдарында 424 орындық орта мектептің, 290 орындық балабақшаның, фельдшерлік-акушерлік бөлімшенің, бюждеттік мекеме қызметкерлеріне арналған 10 үйдің, Исатай ауданының Аққыстау ауылындағы 160 адамға негізделген дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, келісім шарт міндеттемелеріне сәйкес ЕМГ қазақстандық мамандарды даярлауға: Компания қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және қазақстандық студенттердің жоғары және арнаулы орта оқу орындарындағы оқу ақысын төлеу мақсатында қомақты қаржы бөліп отыр.

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);

Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ бастауы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 жылдан 1.10.2017 жылға дейінгі кезең аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам қаражатты аударды. Соның ішінде, 75 млрд. теңге – 2017жылдың 9 айында. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.