«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) футзалдан оқушылар арасында облыстық турнир ұйымдастырды
«Ембімұнайгаз» АҚ (бұдан әрі ЕМГ немесе Компания) футзалдан оқушылар арасында облыстық турнир ұйымдастырды
«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде футзалдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында облыстық турнир өтті.
Екі күнге созылған тартысты бәсекеде облыстан сегіз команда бақ сынасты: «Атырау-2006» (Атырау қ.), «Асқар» (Атырау қ.), «Геолог» (Атырау қ.), «Құлсары» (Жылыой ауданы) және Мақат, Жылыой, Исатай, Құрманғазы аудандары командалары.
- Дені сау жастар – қоғам дамуының кепілі. «Ембімұнайгаз» көптеген спорт түрлерін, соның ішінде, футболға да кеңінен қолдау көрсетіп келеді. Өткен жылы біз Атырау қаласы мектептері оқушылары арасында турнир өткізсек, биыл облыстық деңгейде ұйымдастырып отырмыз, - деді «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.
Финалда «Атырау-2006» командасын 2:0 есебімен жеңген «Құлсары» командасы жарыстың жеңімпазы атанып, күміс жүлде атыраулық командаға бұйырды. Ал, ІІІ орынды Махамбет ауданының командасы иеленді.
Жарыс жүлдегерлері мен үздік ойыншыларды компания басшысы Ә.Жақсыбеков кубок, медальдармен және басқа да сыйлықтармен марапаттады.
«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі
Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:
Айгүл ЕРТІЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09 (қазақ тілінде);
Қарасай ТӨЛЕГЕНОВ K.Tulegenov@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-34-80 (орыс тілінде).
Анықтама:
«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. Ембімұнайгаз» АҚ бастауы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау.
«Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары.
«Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады.
Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.
2012 жылдан 1.10.2017 жылға дейінгі кезең аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ республикалық және жергілікті бюджетке салық түрінде 654 млрд. теңгеден астам қаражатты аударды. Соның ішінде, 75 млрд. теңге – 2017жылдың 9 айында.
«Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.