Әлеуметтік саясат

2016 жылдың 25-қарашасында 2017-2021 жж. арналған Ұжымдық шарт бекітілді. Ұжымдық шарттың жобасын дайындауға Компанияға қарасты барлық басқармалардың ұжымы және кәсіподақ комитетінің өкілдері қатысты.

Жаңа Ұжымдық шартқа сәйкес Компания өзінің қызметкерлерін жоғары деңгейде әлеуметтік қамқорлыққа алған. Барлық мұнайшылар және олардың отбасы мүшелері Компания есебінен медициналық сақтандырумен қамтылып, жыл сайын Қазақстан, Ресей елдеріндегі шипажайларында демалады. Ұжымдық шарттың аясында Компания өз қызметкерлері балаларының жазғы демалысының шығындарын өтейді.

Еңбек жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, жұмыс орындарында қауіпсіздікті жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған жаңа техникалық шешімдер енгізілуде. Соның ішінде, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға баса көңіл бөлінуде. 2014 жылдың сәуір айынан бастап кәсіпорында еңбекті бағалаудың жаңа жүйес енгізіліп, жұмысшыларға арналған төлем көлемі артты.

2017-2020 жылдарда әлеуметтік нысандарды жаңғырту Бағдарламасы бойынша  жаңа жатақхана, асхана құрылысын салу, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, жиһаздарды жаңарту, модульдік ғимараттар алу жоспарланып отыр.  

Компания өз қызметкерлерінің отбасылары мүшелері мен зейнеткерлерді де әлеуметтік қамтып келеміз. Компания зейнеткерлеріне шипажайларға жолдама беріліп, емдері төленіп, дәрілік препараттар сатылып алынады. Сонымен қатар, Компания өз тарапынан жыл сайын баспасөзге жазады.