Инвестициялық жобалар

2017 жылдың маусым айында Компания ірі жобаны – Прорва кен алаңындағы ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты. Құны 35 млрд. теңге тұратын қондырғы жылына 150 млн. текше метр қуаттылықпен жұмыс жасайды. Жоба ілеспе газды 100 пайызға тазарту бағдарламасы негізінде дайындалған.

Қондырғы Атырау облысының Жылыой аумағындағы Прорва кен алаңында (С.Нұржанов, Батыс Прорва, Ақтөбе, Досмұхамбетов) іліспе газды тазартуға арналған. Аталмыш жоба жаңа ұңғымалардың өнім беретін түзілімдерін іске қосуға, жаңа барлау ұңғымаларын бұрғылауға, Прорва кен алаңындағы өндірістік құрылымдардың өнім өндіру көрсеткішін 20-30 пайызға көбейтуге мүмкіндік береді.

Жоба жұмысында УКПГ-ГСП «Толқын» кеніштік газ құбырымен тасымалдау жоспарлануда, тұрақты газ конденсаты жеке қажеттіліктерге пайдаланылады, ал, түйіршікті күкірт ішкі және сыртқы нарыққа сату үшін шығарылады. Түйіршікті күкірт өндіру үшін Қазақстанда тұңғыш рет қышқыл газдарды күкірттен тазартуға арналған MERICHEM фирмасының патенттелген LO-CAT технологиясы қолданылатын болады. Қондырғының құрылысы кезінде мердігер мекемелерде 500-ден аса уақытша жұмыс орны ашылды. Қазіргі таңда тұрақты жұмыс орындары ашылды.

Газопоршен стансасы құрылысының жобасын іске қосу арқылы Компания өндіріс шығынын айтарлықтай азайтып, электрэнергиямен жабдықтауды күшейтеді. Алғашқы кезеңде газопоршен стансасы «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Оңтүстік Шығыс Қамысты мен Забурын кең алаңдарын 9,6 мВт қуатты электрэнергиясымен қамтамасыз етеді. Компания бұл жобаны «Доссормұнайгаз» МГӨБ Шығыс Мақат және «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ Прорва кен алаңдарында іске қоспақшы.