Газ жобалары

2017 жылдың маусым айында Компания ірі жобаны – Прорва кен алаңдары тобында ілеспе газды күкірттен тазарту қондырғысын іске қосты. Қондырғы жылына 150 млн. текше метр қуаттылықпен жұмыс жасайды. Қондырғы Атырау облысының Жылыой аумағындағы Прорва кен алаңдары тобында  ілеспе газды тазартуға арналған.

Қазіргі таңда Қондырғыдан алынған тауарлы газ «Орта Азия – Орталық» магистралды газ құбырына дейін жіберіліп, Прорва кен алаңдары тобында газды ауаға жағуды мейлінше азайтуда. Қондырғыда қолданылатын MERICHEM фирмасының патенттелген LO-CAT газды өңдеу технологиясы экологиялық тұрғыда қауіпсіз және күкірт сутегін жоюдың жоғары тиімділігін қамтамасыз етеді. Газды дайындау үдерісі толықтай автоматтандырылған және апаттық жағдайларға қарсы бірнеше кезеңдер қарастырылған. Қондырғыда жыл сайын тауарлы газ, тұрақты газ конденсаты – 4,1 мың тонна және түйіршіктелген күкірт – 2,7 мың тонна

Ілеспе газды дайындайтын мұндай қондырғылар 2012-2013 жылдардан бері Кмпанияның Шығыс Мақат және С.Балғымбаев кен алаңдарында жұмыс жасап, Атырау облысының үш ауданы тұрғындарын жеңілдетілген бағаға табиғи газбен қамтамасыз етіп келеді.

Компания тағы қосымша бірнеше газ жобаларын жүзеге асыруды көздеп отыр. Газопоршен стансасы құрылысының жобасын іске қосу арқылы Компания өндіріс шығынын айтарлықтай азайтып, электрэнергиямен жабдықтауды күшейтеді. Қазіргі таңда газопоршен электр стансасын пилоттық негізде «Жайықмұнайгаз» МГӨБ Оңтүстік Шығыс Қамысты мен Забурын кең алаңдарын 9,6 мВт қуатты электрэнергиясымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Тағы бір жоба GTL технологиясымен байланысты. Бұл жоба табиғи газды жоғары сапалы өнімдер – дизель отыны, керосин, синтетикалық мотор майына өңдейді.