Геологиялық барлау

01.01.2023 ж. мәлімет бойынша,  «Ембімұнайгаз» АҚ балансында  46 кен алаңы бар, оның  34-і игерілуде, 2-уіне – барлау жұмыстары жүргізілуде.  10-кеніш  консервацияда, оның 3-уі бойынша келісім аймағы қайтарылды.

Компанияның мақсаты – ресурстық базаны толықтыру және көбейту шаралары басты назарда ұстау.

Соңғы жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау жағынан да, жаңа аудандардағы барлау жұмыстарында да жоғары жетістіктер байқалады.

«Ембімұнайгаз» АҚ мамандары аймақтық зерттеу аясында талдау жұмыстары жүргізілуде. Жиналған материалдар мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері Каспий маңы ойпатының оңтүстік бортының тұзүсті кешенін одан әрі зерттеу қажет, сондай-ақ, Каспий маңының орталық бөлігінде кішігірім кен орындарын ашуға үлкен перспектива бар деген  қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, әрі қарай барлау мен бұрғылау жұмыстарын жүргізуге бірқатар тұзасты нысандар анықталды.