Өндіру

 «Ембімұнайгаз» АҚ-ның орташа жылдық мұнай өндіруші 2,6 млн. тоннаны құрайды.

Бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» АҚ-нда 36 кен орны игеріледі. Осы кен орындарының шегіндегі өнім беруші қабаттар түрлі коллекторлардың геологиялық-физикалық қасиеттерімен және мұнайдың физика-химиялық касиеттерімен сипатталады. Саладағы мұнай кен орындарының басым бөлігі игерудің соңғы сатысында, қорының алынуы қиын кен орындарының саны күннен-күнге артып келеді. Соңғы жылдар ішінде мұнай өндірудегі тұрақтылық кешенді іс-шаралардың қолданылуы есебінен болып отыр: жаңа ұңғымалардың бұрғылануы, пайдалану коэффициентінің артыуы, жөндеуаралық кезеңнің ұзартылуы, озық технологияның енгізілуі және кен орындарын игеру жүйесінің оңтайландырылуы.

Мұнай алу коэффициентін арттыру үшін «Ембімұнайгаз» АҚ бүгінде мұнай өнімділігін арттырудың дәстүрлі әдістерімен қатар, жетекші қазақстандық ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, жаңа технологияларды қолданады. Ұңғымалар жұмысындағы жөндеу аралық кезеңді (МРП) ұзарту үшін жаңа технология енгізілуде. КИН арттыру бағдарламасының шеңберінде қазіргі уақытта төмендегідей әдістер қолданылады.

Қорлардың жаңадан  қайта есептелуіне және бастапқы геологиялық мұнай қорының көбеюіне байланысты, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қолданыстағы 36 кен орнынан мұнай алу коэффициентінің орташа көрсеткіші 2018, 2019 жылдар бойынша 0,271 д.ед.*  және 2020 үшін 0,270 д.ед. құрады.

 

д.ед. – доли единицы