Келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану келісімшарттары

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы Атырау облысы аумағында мұнай-газ кен алаңдарын игеру және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізе отырып, болашақта көмірсутегі шикізатын өндіру көлемін айтарлықтай арттыруды көздейді. Шешуші мәселенің бірі өндірістік жаңғыртумен қатар келісімшарт міндеттемелерін үздіксіз орындау болып табылады.   

«Ембімұнайгаз» АҚ 8 жер қойнауын пайдалану  келісімшарты бойынша жер қойнауын пайдалану құқығына ие.  

  • 1996 жылғы 16-қаңтардағы №37 Атырау облысының Кенбай мұнай-газ кен орнында игеру жұмыстарын жүргізу (келісімшарт мерзімі - 16.01.2041 ж.);
  • 1997 жылғы 28-мамырдағы №61 Атырау облысының Оңтүстік Шығыс Новобогат кен орнында игеру жұмыстарын жүргізу (келісімшарт мерзімі - 28.05.2048 ж.);
  • 1998 жылғы 13-тамыздағы №211 Атырау облысындағы Ботахан, Доссор, Таңатар, Байшонас, Бек-Беке, Алтыкөл, Комсомольск, Ескене, Қошқар, Қарсақ, Сағыз, С.Балғымбаев (Мартыши), Оңтүстік батыс Қамысты, Оңтүстік шығыс Қамысты, Гран, Жаңаталап, Ровное, Забурын, Мақат, Шығыс Мақат, Б.Жоламанов (Орысқазған) и Солтүстік Жолдыбай кен алаңдарында шикізатты өндіру және барлау жұмыстарын жүргізу (келісімшарт мерзімі - 13.08.2037 ж.);
  • 1999 жылғы 12-мамырдағы №327 Атырау облысының Тайсойған блогында шикізатты өндіру және барлау жұмыстарын жүргізу – блокта Уаз, Қондыбай, Шығыс Уаз кен алаңдары игерілуде (келісімшарт мерзімі - 09.01.2035 ж; барлау кезеңі 09.01.2019 ж. аяқталады);
  • 2000 жылғы 19-ақпандағы №406 Атырау облысының Леман учаскесінде шикізатты өндіру және барлау жұмыстарын жүргізу – учаскеде Оңтүстік шығыс Новобогат және Орталық Новобогат кен алаңдары анықталып, тексеріліп, игерілуде (келісімшарт мерзімі - 19.02.2033 ж; барлау кезеңі 19.02.2020 ж. аяқталады);
  • 2000 жылғы 3-наурыздағы №413 Атырау облысының Құлсары, Қосшағыл, Төлес, Ақінген, Қаратон, Көшкімбет, Батыс Терең-Өзек, Қисымбай, Аққұдық, С.Нұржанов (Орталық шығыс Прорва), Батыс Прорва, Ақтөбе, Досмұхамбетов және Тәжіғали кен алаңдарында шикізатты өндіру және барлау жұмыстарын жүргізу (келісімшарт мерзімі - 03.03.2043 ж.);
  • 2002 жылғы 18-қыркүйектегі №992 Батыс Новобогат кен алаңында шикізатты өндіру және барлау жұмыстарын жүргізу (келісімшарт мерзімі - 18.09.2027 ж.; барлау кезеңі 18.09.2018 ж. аяқталады);
  • 2010 жылғы 16-маусымдағы №3577 Атырау облысының Қаратон-Сарқамыс блогының тұзүсті және тұзасты кешені қабатында шикізатты өндіру және барлау жұмыстарын жүргізу – блокта С.Нұржанов кен алаңының солтүстік-батыс қанаты анықталып, тексеріліп, игерілуде (келісімшарт мерзімі - 16.06.2020 ж.).