Жастармен жұмыс

«Ембімұнайгаз» АҚ стратегиялық жоспарын жүзеге асыруда жұмысшы жастарды белсенді түрде тарту мақсатында 2013 жылы барлық құрылымдық бөлімшелерде жас мамандар кеңесі құрылды. Кеңестің жетекшілері анықталды. Жас мамандар кеңесінің алғаш өткізген шарасы жүйке жүйелерінің сырқаты бар балаларға арналған облыстық арнайы балалар үйіне көмек беруге бағытталған қайырымдылық акциясы болды. Акция жұмысына барлық басқармалардың жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

Компанияның алдында өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында біртіндеп кадрларды жасарту процесін жүргізу міндеті қойылып отыр.

Қазіргі таңда Компанияда қызметкерлерді зейнеткерлік демалысқа мерзімінен бұрын шығару бағдарламасы табысты жүргізіліп жатыр.

Құрылымдық бөлімшелер

НГДУ "Доссормунайгаз"   НГДУ "Жылыоймунайгаз"   НГДУ "Жайыкмунайгаз"   НГДУ "Кайнармунайгаз"   "УПТОиКО" "Эмбамунайэнерго"