Атыраулық ірі компания арыстық 400 балаға мектеп формасын таратты

23 шілде, 2019

Осыдан бір ай бұрын жарылыстан зардап шеккен Арысқа көмек көрсетуге арналған "Арыс. Біз біргеміз" акциясы жалғасуда. Күні кеше науқан аясында 16 мектепте білім алатын 400 балаға мектеп формасы таратылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аз қамтылған отбасының балаларына мектеп формасын тарату ісіне "ЕмбіМұнайГаз" компаниясы кірісіпті.

Нақтырақ айтқанда, компанияның 5000 қызметкері бір күндік жалақыларын Арысқа аударып, 16 мектептің бастауыш сынып оқушыларына мектеп формасы мен сөмке алуға өз үлестерін қосқан екен.

Атыраулық компания өкілдері қайырымды іспен айналысу үшін алыстан арнайы келіпті.

Айта кететін жайт, биыл компанияның басқарма төрағасы Әнуар Еркінұлы Жақсыбековтің бастамасымен ембілік мұнайшылар бір күндік жалақыларын жинап, Рамазан айы қарсаңында Атырау облысындағы бірнеше ауданда баспанасыз, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған сегіз отбасыға сегіз баспананың кілтін табыс еткен болатын.

 Дереккөз: kaz.nur.kz