Заманауи бала тәрбиесі - жанұя бірлігі

06 наурыз, 2020

«Ембімұнайгаз» АҚ-ғы (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) «Мұнайшы қыз» әйелдер клубының ұйымдастыруымен «Заманауи бала тәрбиесі - жанұя бірлігі» атты кездесу өтті. Компанияға қарасты барлық басқармада нәтижесін тапқан аталмыш шара бүгін Атырау қаласында  қорытындыланды. 

ЕМГ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова жиналғандар алдында сөз алып, бұл шараның мәніне тоқталды

Бүгінгі таңда отбасылық құндылық – өзекті тақырыптың бірі. «Ембімұнайгаз» АҚ жанынан құрылған «Мұнайшы қыз» клубы осы тақырыпты кеңінен насихаттау мақсатында тұрақты түрде шаралар ұйымдастырып келеді. Бұған дейін мұнайшы қыздар арасында отбасындағы сыйластық, жанұя бірлігі, ұлттық құндылық тақырыптарында бірқатар кездесулер ұйымдастырылса, бүгін осы мақсатымыздың жалғасы ««Заманауи бала тәрбиесі - жанұя бірлігі» атты кездесу  өз нәтижесін тауып отыр. Бір аптаға созылған аталмыш шарада біз Компанияға қарасты барлық еңбек ұжымын қамтуға   тырыстық. Бүгінгі қорытынды кездесуіміз «Ембімұнайэнерго» мен «Өндірістік техникалық қамту және жабдықтармен комплектациялау» басқармалары мен Орталық басқару аппаратының ұжымымен өтуде,-деп атап өтті өз сөзінде Рысты Нұрғалиқызы.

Жанұя татулығын насихаттау, ұлттық құндылықтар мен рухани байлықтың мәнін аша түсу мақсатындағы шарада  ембілік қыздар өз ойларын ортаға салып, кездесу барысы ашық пікірталасқа ұласты. Кездесудің спикері, Алматы қаласынан арнайы шақырылған халықаралық деңгейдегі бизнес тренер Бахыт Жумакаева шара барысында  өзі бірнеше жылдан бері жүргізіп келе жатқан зерттеу жұмыстарының деректерін келтіре отырып, тақырып көтеріп отырған өзекті мәселені жан-жақты ашуға тырысты. Ажырасудың көбеюі, оның себеп-салдары мен алдын алу жәйттары да айтыла кетті.   

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компания» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. «Ембімұнайгаз» АҚ 2012 ж.1-қарашасынан  2019 жылға дейінгі аралықта республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 1 трлн     теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.