Жылыойлық мұнайшылар өзгерістерге дайын

20 қараша, 2019

Командамен жұмыс істей білу, қалам мен пластикалық ыдыстарды пайдаланудың бірнеше түрлерін меңгеру мен суға кетіп бара жатқан кемеден аман шығу, адамзатты радиациадан құтқару, компанияның құндылықтарын басшылыққа алу- осындай маңызды тапсырмаларды «Ембімұнайгаз» АҚ-на (ЕМГ немес Компания) қарасты «Жылыоймұнайгаз»  мұнай-газ өндіру басқармасының мұнайшылары «Каспий самалы» мұнайшылар қалашығында өткен семинар барысында табысты орындады.

«Компания құндылығы, ұжым ішілік коммуникация және мотивация» атты семинарға  «Жылыоймұнайгаз»  мұнай-газ өндіру басқармасына қарасты барлық цехтардан 40  мұнайшы қатысты. Олар:  өндірістік цехтардың жетекшілері, шеберлер мен техникалық-инженер мамандар. 

Біздің компания еліміздің мұнай-газ секторының бастауында тұрғандықтан мұнай өндіру мен зерттеу жұмыстары бойынша үлкен тәжірибе жиған. Ембілік мұнайшылар өндірістік көрсеткіштер мен әлеуметтік жауапкершілікті қатар дамытуды дәстүрге енгізген. Сонымен қатар, былтырғы жылы бекітілген ЕМГ даму Тұжырымдамасының аясында  бүгінде Компанияның барлық қызметтерінде, соның ішінде корпоративтік мәдениет саласында   жаңалықтарды тәжірибеге енгізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі семинар барысында өндірістегі мамандар өздерінің өзгерістерге дайын екендіктерін, командалық рух пен ұжымда бір-бірлеріне  деген сенімділіктерін, аса маңызды  міндеттерді жүзеге асырудағы жоғары қызығушылықтарын  дәлелдей алды,- деп атап өтті шараның қорытындысында Қоғаммен байланыс қызметінің жетекшісі Лаура Сулейменова.  

Шара барысында мұнайшылар шығармашылыққа және логикалық ойларға берілген тапсырмаларды орындап, топтық жұмыстың маңыздылығын, тәжірибелік жұмыстардағы көшбасшылыққа ие болу, қиын сәттерде бір-бірлеріне деген сыйластық, әлеуметтік желілерде тараған ақпараттарды дұрыс қабылдау  т.б. туралы деректермен танысты.  

Шара  соңында қатысушылар семинарға қатысқандықтары  туралы арнайы сертификаттармен марапатталды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс  қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.