Ембі басшысына – ҚР Кәсіподақ федерациясынан алғыс

08 қазан, 2019

Жаңа кәсіби мейрам – Қазақстан кәсіптік одақтары күні қарсаңында кәсіптік ұйымдар жұмысына белсенді араласып, зор үлес қосқаны үшін «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАКСЫБЕКОВ марапатталды.

- Сіздің тікелей қатысуыңызбен кәсіпорынның кәсіподақ ұйымы еңбек адамының әлеуметтік мүдделерін қорғауда талай жетістіктерге жетіп отыр, - деп атап өтті ҚР Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы Ералы ТОҒЖАНОВ 2019 жылы 4-қазанда Атырау облысының кәсіпорын басшыларының қатысымен өткен жиында.  

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның Кәсіптік одақтары күні Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2019 жылғы 22-мамырдағы №303 Қаулысына сәйкес бекітіліп, елімізде 10-қазанда аталып өтпек. Еліміздің мерекелік күндер тізбесіне аталған мейрамды қосуда басты рөлді ҚР Кәсіподақтар Федерациясы атқарды.

Атап айтсақ, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның 5 мыңға жуық ұжымының 4920 адамы кәсіподақ ұйымының мүшесі болып табылады.

«Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.