Атырауда Қазақстан мұнайының 120 жылдығы тойланды

01 қыркүйек, 2019

       1-қыркүйек күні таңертең Баймұханов көшесі 45А мекен-жайында орналасқан Атырау мұнай-газ университетінде Қазақстанның батысындағы көптеген кен алаңдарының алғашқы ашушысы Сафи Өтебаевтың ескерткіш тақтасы ашылды. Майталман мұнайшының есімі оқу ордасына ағымдағы жылдың ақпан айында берілген болатын. Салтанатты шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары А.Крамбаев, «KAZENERGY» Асоциациясы төрағасының орынбасары, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті директорлар кеңесінің төрағасы Ұ.Қарабалин, «Ембімұнайгаз» АҚ Басқарма төрағасы Ә.Жақсыбеков, С.Өтебаевтың қызы С.Өтебаева және мұнай-газ саласының ардагерлері құттықтау сөз сөйледі.

       - Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз қазақ мұнай-газ саласының негізін қалаушы – Сафи Өтебаевқа үлкен құрмет көрсету үшін жиналдық. Сафи Өтебаев мұнай кеніштерін алғашқы ашушылармен бірлесе отырып, еліміздің мұнай-газ кешенінің негізін қалады,-деп атап өтті өз сөзінде «KAZENERGY» Асоциациясы төрағасының орынбасары, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті директорлар кеңесінің төрағасы Ұзақбай Қарабалин.

       - Біз бүгін тарихи маңызы зор шараға куә болып отырмыз. Ембі кеніштері Құлсары, Комсомол, Прорва, Қаратон және еліміздің батысындағы көптеген кен алаңдарының алғашқы ашушыларының және ұлттық мұнай-газ саласының негізін қалаушыларының бірі Сафи Өтебаевтың ескерткіш тақтасының ашылу салтанатына қатысудамыз. Ол келешегі зор шешімдерді дер кезінде қабылдай білуімен ерекшеленді. Ембіліктер атынан Сафи Өтебаевтың туған-туыстарын, ардагер-мұнайшыларды ескерткіш тақтаның ашылу салтанатымен құттықтаймын. Жас мамандар алғашқы мұнайшылардың есімдерін білуімен қатар оларға әрдайым құрмет көрсетулері тиіс,- деді өзінің кіріспе сөзінде ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

       Ескерткіш тақтаның ашылуы мен гүл шоқтарын қою рәсімінен соң салтанатты шараға қатысушылар жақында ғана мұнай-газ факультетінде ашылған С.Өтебаев атындағы мұражайда болды.

       Бұдан кейін жиналғандар Нұрсая мөлтек ауданындағы Елорда-10 даңғылында орналасқан «КМГ Инжиниринг» ЖШС «Каспиймұнайгаз» филиалының жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты.

       Ғимараттың құрылысы 2018 жылдың қыркүйек айында басталған. 4 қабатты ғимарат халық үшін ғылымның қашанда ашық екенін дәлелдейтін ашық кітап нұсқасында салынған. Бірінші қабатта – әкімшілік-шаруашылық қызметі, 160 орындық акт залы, екінші қабатта – мұнай өндіру бойынша зерттеу жұмыстарының блогы орналасқан. Үшінші қабатта- өндіріс блогының мамандары, геологиялық-геофизикалық, жаңа технологияларды енгізу жұмыстарының жауапты мамандары, төртінші қабатта- университет басшылығы мен жобалау жұмыстарының блогы орналасқан.

       Ғимарат аумағында 50 орынды автотұрақ бар. Ғимаратқа көрші APEC Petrotecnic колледжі, Назарбаев атындағы зияткерлік мектебі, «Мирас» балабақша және QSI халықаралық мектебі орналасқан. Лента қию рәсімінен соң ғимаратпен танысу шарасы өтті. Университеттің қызметі жөнінде дайындалған деректі фильм көрсетілді.

       Түстен кейін Азаттық-1 даңғылында орналасқан С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университетінің (бұдан былай Университет) ғимаратында Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған «Қазақстан мұнайы: кеше, бүгін және келешекте» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады. Шараны ЕМГ-нің қолдауымен Университет ұйымдастырды.

       Конференция жұмысына Ресей Федерациясынан, Әзербайжан елінен, Башқұрстан, Калмық, Қырғызстан мен Эквадор, Чад республикасынан келген 250-ге тарта делегат пен қазақстандық және халықаралық мұнай-газ компанияларының, ТМД елдерінің, алыс шет елдердің жетекші ғылыми-зерттеу және мұнай техникалық университетінің басшылығы мен жауапты мамандары, ҚР мұнай-газ саласының ардагерлері, студенттер мен БАҚ өкілдері қатысты.

       - 120 жыл - Қазақстан мемлекеті үшін айтулы кезең. Қазақстан мұнайының тарихы Ембі кен алаңдарында бастау алды. Мұнда талантты қазақстандық мұнайшылар мен басшылар қалыптасты. Ембілік геологтар еліміздегі Теңіз, Өзен, Маңғышлақ, Прорва, Кенбай сынды ірі кеніштердің ашылуына үлес қосты. Бүгінде «Ембімұнайгаз» - геологиялық барлау, игеру, мұнай-газды өндіріп, дайындаумен айналысып жатқан өркениет көшіндегі отандық компания, - деді ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков пленарлық мәжілісте жасаған өзінің «Мұнайлы Ембі- кеше, бүгін және келешекте» баяндамасында.

        Конференция барысында 4 секциядан тұрған мәжіліс өтті. Олар: «Мұнай және газ кен орындарын барлау, бұрғылау және игерудің инновациялық технологиялары», «Көмірсутектерді тасымалдау және өңдеу технологияларының жай-күйі мен даму жолдарын бағалау», «Мұнай-газ саласының экологиялық мәселелері және оларды шешу», «Білім, ғылым және өндіріс интеграциясының болашағы».

       Кешкілік салтанатты шара М.Өтемісұлы мен И.Тайманов атындағы жаңартылған алаңдағы мұнайлы астананың қонақтары мен тұрғындарына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен болған Open Air мерекелік концерт пен от шашуға ұласты.

 БАҚ үшін мәлімет:

 Сафи Өтебаев - КСРО Құрметті мұнайшысы (1969), Қазақ КСР-нің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1969). 1909 жылдың 25 мамырда Атырау облысы Қызылқоға ауданында дүниеге келген. Қазақтан шыққан алғашқы білімді инженер Баку қаласында мұнай институтын тәмамдады.

1935 – 1945 жылдары «Ембімұнай» өндірісінде Мақат, Байшонас, Құлсары, Комсомол басқармаларында инженер, басшы қызметтерін атқарды; 1945 - 1951 жылдары Жылыой ауданының партия комитетінің І хатшысы; 1951 – 1957 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы; 1957 - 1965 жылдары әуелі Атырау, кейін Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылық кеңесінің төрағасы; 1965 – 1971 жылдары «Қазақстанмұнай», кейін «Маңғыстаумұнай» бірлестіктерінің басшысы; 1971 – 1980 жылдары Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің ғылыми-техникалық ақпарат институты бастығының орынбасары болды;

Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған;

«Ленин», «Октябрь революциясы», «Отан соғысы» ІІ дәрежелі, Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен, «Отан» (1999), «Барыс» 1-дәрежелі (2004) және басқа да медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Каспиймұнайгаз» - мамандандырылған ғылыми-зерттеу институты. 2004 жылдан бері

«КМГ ҰК» АҚ компаниялар тобына кіретін мұнай-газ кен алаңдарында барлау, игеруден бастап жобалау мен жарақтандыруға дейінгі ғылыми зерттеу жұмыстарын кешенді жүргізіп келеді. «Каспиймұнайгазда» заманауи қондырғылармен жабдықталған зертханалық ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс жасайды. Бұл жер қойнауын пайдаланушыларға қажетті негізгі зерттеулерді жедел әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Институттың зертханалық бөлімшесінің жетекші бағыттарының бірі - резервуардағы сұйықтықты зерттеу зертханасы. 2014 жылы институт базасында геохимиялық зертхана ашылды, мұнда мұнайдың пайда болу орнын, оның миграциялық жолдарын, көмірсутектердің пайда болуы және газ кен орындары түрінде жинақталуын анықтайтын сұйықтар мен тау жыныстары зерттеледі.

 «Ембімұнайгаз» АҚ - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА   A.Ertleuova@emg.kmgep.kz   тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.