Ембіліктер «Мектепке жол» акциясына қатысты

14 тамыз, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ биылғы жылы «Мектепке жол» республикалық акциясын жүзеге асыруды алғашқылардың бірі болып бастады. Арыс қаласының әлеуметтік ақ қамтылған отбасылары балаларына көмектен басталған қайырымдылық акциясын мұнайшылар Атырау облысы мен Атырау қаласында жалғастырды.

- Ембі ұжымы үнемі жақсылықтың жаршысы болып, азаматтық белсенділік пен өзгенің қайғысын бөлісе алатын қасиетімен ерекшеленеді. Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен отбасылар балаларын мектепке дайындауға көмектен соң осындай қайырымдылықты Атырау қаласы мен облысының әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көрсету жөнінде де шешім қабылданды. Нәтижесінде, ембіліктер мұнайшылардың өз қаражаттарына биылғы жылы Арыс қаласының 400-ден астам оқушысы және облысымыздың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының 70 оқушысына мектептік киім-кешектер алынды, - деді Атырау қаласында акцияға орай өткен шарада ЕМГ Басқарма төрағасы Әнуар ЖАҚСЫБЕКОВ.   

Аталған қайырымдылық акциясын жүзеге асыру барысында ембілік мамандар Атырау облысындағы әр ауданда болып, отбасылардың жағдайымен танысты. Көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін жергілікті әкімдіктер ұсынды. Бұл тізімге Компаниядан хат арқылы көмек сұраған, сонымен қатар, биылғы жылы ембіліктер сыйға тартқан сегіз әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар балалары да кірді.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылғы маусым айында ембілік мұнайшылар бір күндік жалақыарын жинап, Атырау облысындағы  Құрманғазы, Исатай, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарындағы баспанасыз, көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған сегіз отбасыға   8 баспананың кілтін табыс еткен болатын.    

2018 жылы ембіліктер қатты нөсерден зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданының тұрғындарына да қолдау көрсетіп, бір күндік жалақылары есебінен қаражат жинап, оған   облыстағы  Малеевск, Зубовск, Зырян қаласының шеткі мөлтек аудандарындағы баспанасы жөндеуге келмейтін жанұяларға 7 баспана тарту етті. .     

2016 жылы Атырау қаласындағы балаларының екеуі ауыр дертке шалдыққан көп балалы отбасыға жаңа баспана салынды.

 «Ембімұнайгаз» АҚ Қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады. 2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.