«Ембімұнайгаз» АҚ-да Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

15 мамыр, 2019

«Ембімұнайгаз» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (04.05.2019 жылғы №14 хаттама) ЕМГ Директорлар кеңесінің төрағасы Есқазиев Құрманғазы Орынғазыұлының өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы болып ЕМГ Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы сайланды. Қ.О.Есқазиев Директорлар кеңесі құрамында Директорлар кеңесінің мүшесі болып қала береді.

Марабаев Жақып Нәсіпқалиұлы – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Тау-кен ісі» мамандығы бойынша бітірген (1984). Мәскеу мемлекеттік басқару университетін тәмамдаған (2002).

Еңбек жолын 1984 жылы «Комсомольскнефть» МГӨБ техникалық бөлімінің бастығы болып бастады.

«Сфинкс» мемлекеттік корпорациясының коммерциялық қызметінің жетекшісі, ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде бас инженер, ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінде теңіз жұмыстары басқармасының бастығы, «Қазақстан Каспий Шельф» АҚ вице-президенті және бас директоры, «ҚазақОйл» ҰК » ЖАҚ- инвестициялар және жаңа жобалар жөніндегі директоры, коммерциялық директоры, «ҚазақОйл» ҰК »ЖАҚ газ жобалары бойынша вице-президенті, «Қазақстан Халық Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі, «ҚазТрансОйл» АҚ және «ҚазақОйл» ҰК» ЖАҚ  пайдалану жөніндегі вице-президенті, «Мұнай және газ тасымалдау» Ұлттық компаниясы Бас директорының орынбасары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарушы директоры, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. (КПО Б.В.) ӨБК бойынша жобаларда үлестерді басқару жөніндегі өкілді органның төрағасы, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру »АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, KAZENERGY Қауымдастығының Үйлестіру кеңесінің төрағасы, «North Caspian Operating Company» (NCOC B.V.) басқарушы директорының орынбасары болып қызметтер атқарды.

2019 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Наградалары, ғылыми атақтары, дәрежелері:

Ордендері: «Парасат», «Құрмет» 

Медальдары: «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «KAZENERGY қауымдастығының 10 жылдығы» Еуропа Бизнес Қауымдастығы тағайындаған королева Виктория ордені.

Төсбелгілері: ҚР Энергетика министрлігінің «ҚР мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, Геология комитетінің «Қазақстан Республикасының кен орнын алғаш ашушы» төсбелгісі.

Экономика ғылымдарының кандидаты.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі 

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 - 2018 жылдар аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.