Қорғандық кәсіпкерлер Ембіде

15 сәуір, 2019

«Ембімұнайгаз»  АҚ-ның  (бұдан былай ЕМГ немесе Компания) Бас кеңсесінде Компанияның жауапты мамандары мен басшылары  Ресей Федерациясы Қорған облысының делегациясымен кездесті. 

Ресейлік кәсіпкерлер делегациясын Қорған облысы губернаторының орынбасары, РФ Үкіметінің жанындағы Қорған облысы Өкілдігінің жетекшісі  Андрей Алексеев  бастап келді.   Ресейлік бизнес өкілдерімен кездесуге  Компанияның   сатып алу және жергілікті қамту, материалдық-техникалық қамту, транспорт пен механика салалары бойынша жауапты мамандары қатысты. 

Ресейлік делегация құрамына «қош келдіңіздер»  айтқан ЕМГ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айболат Габдуллин өз сөзінде ғасырлық тарихы бар Ембі өңірінің тыныс-тіршілігіне кеңінен тоқталды.  

Өз кезегінде, Қорған облысы губернаторының орынбасары, делегация жетекшісі  Андрей Алексеев  бүгінгі таңда қорғандық бизнес өкілдері Қазақстанның батыс өңірлерімен тығыз әріптестік байланыс орнатуға назар аударып отырғандықтарын атап өтті.

Компанияның   коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Едіге Чакликов қазақстандық компаниялардағы тендерлердің ұйымдастырылу жәйімен, электрондық сатып алу ережелерімен толығырақ таныстырып өтті.   Онда «Самұрық-Қазына» ӘАҚ бүгінгі таңда тендерлерді электрондық жүйемен өткізуге толықтай көшіп отырғандығы жан-жақты баяндалды. Сатып алу Ережелерімен zakup.sk.kz сайтынын танысуға болады. Компанияның сатып алу жоспары және тендерге қатысты  ақпараттар  zakup.emba.kz сайтында жарияланады. Сатып алу Ережесінде  қазақстандық мазмұнға басымдылық берілетіндігін ембілік мамандар  назарға бере кетті. 2018 жылы 89,9 млрд. теңге сатып алу көлемінде   жергілікті қамту тауарда -  42 пайызды, жұмыста-94 пайызды, қызметте-94 пайызды құраған. 

«Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс қызметі

Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның қоғаммен байланыс қызметіне хабарласа аласыздар:

Айгүл ЕРТЛЕУОВА A.Ertleuova@emg.kmgep.kz тел: тел: 8 (7122) 99-32-09   

Анықтама:

«Ембімұнайгаз» АҚ – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ еншілес кәсіпорны. «Ембімұнайгаз» АҚ тарихы 1922 жылы Доссор және Мақат кен орындарын игеру мақсатында «Ембімұнай» тресі құрылған кезеңнен бастау алады. Компания қызметінің негізгі бағыттары: геологиялық барлау, мұнай-газ кен орындарын игеру, мұнай мен газды өндіру және дайындау. «Ембімұнайгаз» АҚ құрамына Атырау қаласы мен облыстың 4 ауданындағы алты өндірістік-құрылымдық бөлімше кіреді. Олар: «Доссормұнайгаз», «Жылыоймұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен екі құрылымдық мекеме: «Ембімұнайэнерго», «ӨТКжЖК» басқармалары. «Ембімұнайгаз» АҚ өндірілген мұнайды ішкі нарыққа жіберумен қатар, экспортқа да шығарады. Ішкі нарыққа мұнай ҚР мұнай өңдеу зауыттары арқылы жеткізіледі. Ал, экспортқа мұнай екі негізгі маршрут: Каспий Құбыр Консорциумы (ҚҚК) және Өзен – Атырау – Самара (ӨАС) құбыр желілері арқылы шығарылады. Тауарлық газ жобасы ҚР газ және газбен қамту саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ арқылы жүзеге асады.  2012 жылдың 1 қазанынан 2018 жыл аралығында республикалық және жергілікті бюджетке салық төлемдері ретінде 897 млрд. теңгеден астам, өңірдің инфрақұрылымын дамытуға 4,3 млрд. теңгеден астам қаражат аударды.  «Ембімұнайгаз» АҚ ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001, ISO 50001 халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізуде.